Аққулы аудандық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17-ші сәуірде

 38452 нөмірі арқылы тіркелді

 

Аққулы аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Аққулы ауылы                               № 187/46                      2026 жылғы 13 сәуір

 

 

Аққулы аудандық мәслихаты шешімінің

күші жойылды деп тану туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының                              7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық                           актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Аққулы аудандық                    мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы «Аққулы ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» № 83/18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7520-14 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

             Аққулы аудандық

             мәслихаттың төрағасы                                             А. Касымова

Дата публикации
20 апреля 2026