Қазақстан Республикасы нормативтік құқықты актілер мемлекеттік тізілімінде 2025 жылғы 13-ші тамыздағы 213193 нөмірі арқылы тіркелді
Аққулы аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Аққулы ауылы № 152/34 2025 жылғы 11 тамыз
Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы
«Аққулы ауданының ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға
арналған бюджеттері туралы» №123/29 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) 4-қосымшаның нөмірленуінде 2025 жылға арналған Жамбыл ауылдық округінің бюджеті:
орыс тілінде «4» деген сан «7» деген санмен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегі қосымшаның нөмірленуі өзгеріссіз қалдырылсын;
2) 20-қосымшаның нөмірленуінде 2027 жылға арналған Малыбай ауылдық округінің бюджеті:
орыс тілінде «20» деген сан «21» деген санмен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегі қосымшаның нөмірленуі өзгеріссіз қалдырылсын;
3) 118-қосымшаның нөмірленуінде 2026 жылға арналған Қызылағаш ауылдық округінің бюджеті:
мемлекеттік тілде «118» деген сан «11» деген санмен ауыстырылсын;
орыс тілдегі қосымшаның нөмірленуі өзгеріссіз қалдырылсын;
4) 28-қосымшаның нөмірленуінде 2027 жылға арналған Шарбақты ауылдық округінің бюджеті:
мемлекеттік тілде «28» деген сан «27» деген санмен ауыстырылсын;
орыс тілдегі қосымшаның нөмірленуі өзгеріссіз қалдырылсын.
Аққулы аудандық
мәслихаттың төрағасы А. Касымова