Аққулы ауданы қоғамдық кеңесінің 2024 жылы
атқарған жұмысы туралы
Аққулы ауданының Қоғамдық кеңесі өз жұмысын
Қазақстан Республикасының “Қоғамдық кеңестер туралы”
заңын басшылыққа ала отырып, Ережеге сәйкес жұмыс істеді.
Кеңестің басты міндеті қоғамдық маңызды мәселелер
бойынша азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, жергілікті
атқарушы органдармен жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-
қимыл жасауын дамыту.
Құрамында 11 мүшесі бар Аудандық қоғамдық кеңес 2022
жылы 18 ақпанда құрылды, әр-түрлі себептермен құрамына
бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Есепті, 2024 жыл көлемінде
жұмыс жоспары бекітіліп, оған сәйкес іс-шаралар өткізілді.
Жыл басынан бастап 9 қоғамдық кеңес отырысы, оның
ішінде 3-уі кезектен тыс өткізілді және 13 қоғамдық кеңес
төралқасының отырыстары өтті. Барлығы 51 сұрақ
қарастырылды, оның ішінде 31 нормативтік-құқықтық актілер
қарастырылып, кеңес мүшелері оң ұсыныстарын берді.
Аудандағы ауыл шаруашылығына арналған жерлердің
тиімді қолданылуы, аудандағы әлеуметтік маңызы бар
нысандар мен салынып жатқан жолдардың сапасы, қоғамдық
тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын
алу, тұрғындарды таза ауыз сумен және үздіксіз жылумен
қамтамасыз ету, аудандағы спорт пен дене шынықтырудың
дамуы, мектеп оқушыларының ақысыз сапалы тамақтануын
қамтамасыз ету, мекемелердің өткізген мемлекеттік сатылым
тауарлары мен қызметтердің сапасы, аудан және ауылдық
округтер бюджеттерінің орындалуы туралы сұрақтар Қоғамдық кеңес отырыстарында қарастырылған мәселелердің