Қазақстан Республикасы нормативтік құқықты актілер мемлекеттік тізілімінде 2024 жылғы 8-ші қарашадағы 202302 нөмірі арқылы тіркелді
Аққулы аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Аққулы ауылы № 117/24 2024 жылғы 5 қараша
Аққулы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 56/13 «2024 жылы Аққулы ауданының ауылдық елді мекендерге
жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шішімінің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9946 болып тіркелген) сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»
Аққулы аудандық
мәслихаттың төрағасы А. Касымова