Аққулы ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Павлодар облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 27-ші наурыздағы

 7520-14 нөмірі арқылы тіркелді

 

Аққулы аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Аққулы ауылы                              № 83/18                    2024 жылғы 26 наурыз

 

 

Аққулы ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

 

        Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін                                  басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы                                 Кодексінің   (Салық кодексі)   696-3-бабы 5-тармағына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аққулы ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 %-дан 2 %-ға төмендетілсін.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Аққулы аудандық мәслихатының төрағасы

 

А. Касымова

 

 

                                        

 

Дата публикации
29 марта 2024