Павлодар облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 11-ші сәуірдегі
6294 нөмірі арқылы тіркелді
Аққулы аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Аққулы ауылы № 198/39 2019 жылғы 8 сәуір
«Аққулы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» № 13 бұйрығына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоса беріліп отырған «Аққулы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
- Лебяжі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы «Лебяжі аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5950 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) № 148/24 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Аққулы аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Әлтаев
Аудандық мәслихат
хатшысы С. Мүсінова