Тестілеуді бастамас бұрын және конкурс кезеңдерінен өту кезінде бөлме мен жұмыс орнының белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растау қажет. Төмендегі нұсқауларды мұқият орындауыңызды сұраймыз.
1. Телефонды (360° камера) алып, бөлмені баяу толық шеңбер бойымен көрсетіңіз.
Телефонды күрт қозғалтпаңыз — бейне анық болуы тиіс.
2. Бөлмені толық шеңбер бойымен көрсетіңіз, бейнекадрға төмендегілердің барлығы толық қамтылуы тиіс:
- барлық қабырғалар;
- бұрыштар;
- төбе;
- үстелдің астыңғы бөлігі.
3. Тестілеу/конкурс кезеңі жабдықтарды көрсетіңіз:
- монитор;
- пернетақта;
- компьютер тінтуірі;
- жүйелік блок (егер пайдаланылса).
4. Шолу аяқталғаннан кейін телефонды (360° камераны) жұмыс орны, кандидаттың қырынан көрінісі, монитор аймағы және оның артындағы кеңістік бейнежазбаға толық түсетіндей жеткілікті қашықтықта бекіту қажет.
Тестілеу/конкурс кезеңі аяқталғанға дейін телефонның орналасқан жерін өзгертуге жол берілмейді. БӨЛМЕДЕ ҚОСЫМША БЕЙНЕКАМЕРАЛАР ОРНАТЫЛМАУЫ ТИІС.
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні «Бюджет және экономика, аграрлық кәсіпкерлік, өндіріс, жол, құрылыс мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде: «Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының 2024 жылы атқарған жұмысы және өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы және 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» бөлім басшысы Қонақбаев Ермек Қуанышұлының хабарламасы тыңдалды.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Керімбеков Төлеухан Нұрдәулетұлы және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жүздесі барысында ауданымыздың жүгері дақылын, көкөністер мен бақша өнімдерін өсіру, сақтау және өткізу сонымен қатар, мал шаруашылығы және тағы басқа мәселелер талқыланды.
Жиын соңында комиссия мүшелері тиісті қаулы қабылдап, сын ескертпелерді орындауға ұсыныс берді.
Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы
Қоғамдық кеңестер туралы Қазақстан Республикасы Заңының 9 – бабының 8-тармағына сәйкес, ӨКІМ ЕТЕМІН:
Мәслихат төрағасы
2025 жылдың 22 қаңтарында Панфилов аудандық мәслихатының төрағасы- Шоқпаров Ерғали Отарғалиұлының төрағалығымен Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
Отырыста Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына 7 мүше сайланды. Олар:
Сондай-ақ, отырыс барысында Панфилов аудандық Қоғамдық кеңестің сандық құрамы жұмыс тобы мүшелерінің келісімімен 17 мүшеден болып айқындалды.
Бұл бағытта жұмыс тобының басты мақсаты – Қоғамдық кеңестің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін жаңа құрамды қалыптастыру. Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс топ мүшелері түрлі сала өкілдерінен сайланды.
Панфилов аудандық мәслихаты «Панфилов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-14-65 «Панфилов ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғандығын хабарлайды. Осыған байланысты аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз. Жоба мына сілтеме бойынша қолжетімді:
Панфилов аудандық мәслихаты «Панфилов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешімінің жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғандығын хабарлайды. Осыған байланысты аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз. Жоба мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14953278
Панфилов аудандық мәслихаты «Панфилов аудандық мәслихатының «Панфилов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау көрсету туралы» 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 5-28-195 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғандығын хабарлайды. Осыған байланысты аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз. Жоба мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14937782
Сегізінші шақырылған Панфилов аудандық мәслихатының кезекті XIV сессиясы 2023 жылдың 25 желтоқсан күні сағат 15:00 -ге шақырылады.
Күн тәртібінде:
Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімі «Панфилов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешімнің жобасы ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғандығын хабарлайды. Осыған байланысты аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз. Жоба мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14822672