Панфилов аудандық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5- тармағына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Панфилов аудандық мәслихатының «Панфилов ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы Панфилов ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» мәслихаттың 2024 жылғы 19 наурыздағы № 8-19-83 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 179-19 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.