Панфилов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Панфилов аудандық  мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы 

          Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 7-бабы 5 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Панфилов аудандық мәслихатының «Панфилов аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 10 мамырдағы № 8-4-23 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 181711 болып жарияланған);
  2. Панфилов аудандық мәслихатының "Панфилов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 8-4-23 «Панфилов аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 07 тамыздағы № 8-6-36 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 184913 болып жарияланған) шешімдері жойылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Панфилов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
15 сентября 2025