«Панфилов ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 5-28-197 Панфилов аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Панфилов ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 5-28-197 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2678 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.