GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Мәслихат туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Все материалы
Мәслихат сессиялары
09 сентября 2026
Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі мен аудан халқының назарына!

Отырар аудандық мәслихат төрағасының

ШЕШІМІ

 

 

 

08 қыркүйек 2026 жыл                                                                                          № 45/VIII

 

 

 

Сегізінші шақырылымдағы

Отырар аудандық мәслихатының

кезекті қырықыншы

сессиясын шақыру туралы

 

 

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес:

     Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті қырықыншы сессиясы 2026 жылғы 18 қыркүйек күні сағат 11:00-де  Шәуілдір ауылында шақырылсын.

 

 

 

Отырар аудандық

мәслихатының төрағасы                                             У.Ұзақов

 

 

 

Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі

 мен аудан халқының назарына!

 

   Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының  кезекті қырықыншы сессиясы 2026 жылғы 18 қыркүйек күні сағат 11:00-де Шәуілдір ауылында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабардар етемін.

   Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2026 жылғы 18 қыркүйек күні сағат 09:30-да өтеді.

   Сессияның қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Шілік ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі;
  2. Ақтөбе ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі;
  3. Темір ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі;
  4. Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі;
  5. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі;
  6. Отырар ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы;
  7. Отырар ауданы аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы;
  8. Отырар ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы;
  9. Отырар ауданының полиция бөлімі басшысының өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі;
  10. Отырар аудандық білім бөлімінің басшысының өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі;
  11. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі;
  12. Отырар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №31/173-VIІІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  13. Отырар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №32/183-VIІI «2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  14. «Отырар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы.

Ескертпе: Келіп түсуіне қарай сессияның күн тәртібіне өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

Отырар аудандық

мәслихатының төрағасы                                                      У.Ұзақов

 

 

 

Мәслихат сессиялары
23 июля 2026
Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі мен аудан халқының назарына!

Отырар аудандық мәслихат төрағасының

ШЕШІМІ

 

 

 

23 шілде 2026 жыл                                                                          № 44/VIII

 

 

 

Сегізінші шақырылымдағы

Отырар аудандық мәслихатының

кезектен тыс отыз тоғызыншы

сессиясын шақыру туралы

 

 

   Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына және аудан әкімі Қ.Жолдыбайдың 23.07.2026 жылғы № 40-10-01/1625 хатына сәйкес:

   Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы 2026 жылғы 28 шілде күні сағат 11:00-де  Шәуілдір ауылында шақырылсын.

 

 

 Отырар аудандық

мәслихаты төрағасының

міндетін уақытша атқарушы                                         Б.Тукеев    

 

 

 

Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі

 мен аудан халқының назарына!

 

   Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына және аудан әкімі Қ.Жолдыбайдың 23.07.2026 жылғы № 40-10-01/1625 хатына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының  кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы 2026 жылғы 28 шілде күні сағат 11:00-де Шәуілдір ауылында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабардар етемін.

   Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2026 жылғы 28 шілде күні сағат 10:00-де өтеді.

 Сессияның қарауына енгізілетін мәселе:

  1. Отырар ауданының мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №31/173-VIІІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Отырар аудандық

мәслихаты төрағасының

міндетін уақытша атқарушы                                         Б.Тукеев      

 

 

 

 

 

Мәслихат сессиялары
14 июля 2026
Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізді. Отырыста аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудан әкімдігінің тиісті бөлімдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Атап айтқанда, Отырар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 31/174-VIІI «Отырар ауданының 2026 - 2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы №6/41-VIІІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 25 мамырдағы №36/199-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелері талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселе бұған дейін бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында қаралып, сессия барысында тиісті шешім қабылданды.

Кезектен тыс сессияны аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы қорытындылап, аудан әкімі мен депутаттық корпусқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

 

Мәслихат сессиялары
09 июля 2026
Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы

Отырар аудандық мәслихат төрағасының

ШЕШІМІ

 

 

  09 шілде 2026 жыл                                                                                             № 43/VIII

 

 

   Сегізінші шақырылымдағы

   Отырар аудандық мәслихатының

   кезектен тыс отыз сегізінші

  сессиясын шақыру туралы

 

 

   Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына және аудан әкімі Қ.Жолдыбайдың 08.07.2026 жылғы № 40-10-01/1532 хатына сәйкес:

   Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы 2026 жылғы 14 шілде күні сағат 11:00-де  Шәуілдір ауылында шақырылсын.

 

 

 

   Отырар аудандық

   мәслихатының төрағасы                                                  У.Ұзақов

 

 

 

 

       Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі

        мен аудан халқының назарына!

 

   Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына және аудан әкімі Қ.Жолдыбайдың 08.07.2026 жылғы № 40-10-01/1532 хатына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының  кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы 2026 жылғы 14 шілде күні сағат 11:00-де Шәуілдір ауылында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабардар етемін.

   Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2026 жылғы 14 шілде күні сағат 10:00-де өтеді.

    Сессияның қарауына енгізілетін мәселе:

  1. Отырар ауданының мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №31/173-VIІІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Отырар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 31/174-VIІI «Отырар ауданының 2026 - 2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы №6/41-VIІІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  4. Отырар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 25 мамырдағы № 36/199-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

     Отырар аудандық

     мәслихатының төрағасы                                                  У.Ұзақов   

 

 

Мәслихат сессиялары
29 мая 2026
Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті отыз жетінші сессиясы

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезекті отыз жетінші сессиясы өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізді. Отырыста аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудан әкімдігінің тиісті бөлімдері, ауыл әкімдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Атап айтқанда, 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы; Отырар ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы жөніндегі есептері туралы; Қарғалы ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі; Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі; Отырар аудандық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы мәселелері талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселе бұған дейін бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында қаралып, сессия барысында тиісті шешім қабылданды.

Кезекті сессияны аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы қорытындылап, аудан әкімі мен депутаттық корпусқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

 

Мәслихат сессиялары
25 мая 2026
Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізді. Отырыста аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудан әкімдігінің тиісті бөлімдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Атап айтқанда,  Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы №6/41-VIІІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Отырар ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы; Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы; Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 шілдедегі №17/98-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелері талқыланды.

Аталған мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы О.Жандарбеков баяндап өтті.. Сонымен қатар, Отырар ауданы әкімдігі жанынан құрылған комиссиялар құрамына енгізілген өзгерістер бойынша аудан әкімі аппаратының заңгері А.Әмірхан хабарлама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселе бұған дейін бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында қаралып, сессия барысында тиісті шешім қабылданды.

Кезектен тыс сессияны аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы қорытындылап, аудан әкімі мен депутаттық корпусқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

 

Мәслихат сессиялары
19 мая 2026
Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі мен аудан халқының назарына!

Отырар аудандық мәслихат төрағасының

ШЕШІМІ

 

 

19 мамыр 2026 жыл                                                                                             № 43/VIII

 

 

 

Сегізінші шақырылымдағы

Отырар аудандық мәслихатының

кезектен тыс отыз алтыншы

сессиясын шақыру туралы

 

 

     Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына және Отырар ауданының әкімі Қ.Жолдыбайдың 19.05.2026 жылғы № 40-10-01/1136  хатына сәйкес:

  1. Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы 2026 жылғы 25 мамыр күні сағат 10:30-да Шәуілдір ауылында шақырылсын.

 

   Отырар аудандық

   мәслихатының төрағасы                                                          У.Ұзақов

 

 

 

Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі

 мен аудан халқының назарына!

 

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына және аудан әкімі Қ.Жолдыбайдың 19.05.2026 жылғы № 40-10-01/1136 хатына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының  кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы 2026 жылғы 25 мамыр күні сағат 12:00-де Шәуілдір ауылында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабардар етемін.

    Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2026 жылғы 25 мамыр күні сағат 11:00-де өтеді.

    Сессияның қарауына енгізілетін мәселе:

  1. Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы №6/41-VIІІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  2. Отырар ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы;
  3. Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы;
  4. Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 шілдедегі №17/98-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

   Отырар аудандық

   мәслихатының төрағасы                                                  У.Ұзақов

 

 

Мәслихат сессиялары
18 мая 2026
Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі мен аудан халқының назарына!

Отырар аудандық мәслихат төрағасының

ШЕШІМІ

 

 

 

18 мамыр 2026 жыл                                                                                             № 42/VIII

 

 

 

Сегізінші шақырылымдағы

Отырар аудандық мәслихатының

кезекті отыз жетінші

сессиясын шақыру туралы

 

 

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес:

    Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті отыз жетінші сессиясы 2026 жылғы 29 мамыр күні сағат 11:00-де  Шәуілдір ауылында шақырылсын.

 

 

Отырар аудандық

мәслихатының төрағасы                                                    У.Ұзақов

 

 

 

Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі

 мен аудан халқының назарына!

 

   Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының  кезекті отыз жетінші сессиясы 2026 жылғы 29 мамыр күні сағат 11:00-де Шәуілдір ауылында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабардар етемін.

   Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2026 жылғы 29 мамыр күні сағат 10:00-де өтеді.

   Сессияның қарауына енгізілетін мәселе:

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы;
  2. Отырар ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы жөніндегі есептері туралы;
  3. Қарғалы ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі;
  4. Темір ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі;
  5. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі;
  6. Отырар аудандық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі;
  7. Отырар аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі;

Ескертпе: Келіп түсуіне қарай сессияның күн тәртібіне өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

Отырар аудандық

мәслихатының төрағасы                                                        У.Ұзақов

 

Мәслихат сессиялары
04 мая 2026
Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі мен аудан халқының назарына!

Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі

 мен аудан халқының назарына!

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» кодексінің 128 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 19 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Отырар аудандық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы 2026 жылғы 15 мамыр күні сағат 10:00-де Шәуілдір ауылында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабардар етемін.

Күн тәртібінде:

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы;
  2. Отырар ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы жөніндегі есептері туралы.

 

 

       Отырар аудандық

       мәслихатының төрағасы                                                     У.Ұзақов              

 

 

20 марта 2026
"Наурыз мейрамы"

 

Құрметті жерлестер!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі, табиғаттың жаңаруын, жақсылық пен ізгіліктің бастауы саналатын Ұлыстың ұлы күні – 22 Наурыз мейрамымен өз атымнан және барша депутаттар атынан шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – халқымыздың сан ғасырлық тарихынан бастау алатын, ұлттың рухани байлығын, мәдениеті мен дәстүрін дәріптейтін ұлық мереке. Бұл күн – өткенге тағзым жасап, жаңа жылға үмітпен, ізгі ниетпен қадам басатын ерекше кезең.

Халқымыз ежелден осы күні бір-біріне ақ тілегін арнап, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деп бата берген. Бұл – береке мен молшылықтың, татулық пен ынтымақтың белгісі. Наурыз күні әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық, ырыс пен береке кіріп, жүректер мейірімге, достыққа толады.

Ұлы дала халқына тән қонақжайлылық, бауырмалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді асыл қасиеттер дәл осы мерекеде айрықша көрініс табады. Наурыз – бірлік пен татулықтың, өзара түсіністік пен сыйластықтың мерекесі. Сондықтан біз ұлттық құндылықтарымызды қадірлеп, қоғамымыздың тұрақтылығы мен дамуына бірлесе еңбек етуіміз қажет.

Әсіресе, өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беріп, ата-бабадан мирас болған салт-дәстүрімізді сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті болып, әр шаңыраққа ырыс-несібе, қуаныш пен молшылық орнасын.

Елімізде тұрақтылық, халқымызда бірлік пен ынтымақ нығайып, әрбір отбасыға амандық пен бақ-береке тілеймін.

 

"AMANAT" партиясының Отырар аудандық

 филиалының және аудандық мәслихаттың

 төрағасы Ұзақов Уалихан Жамалханұлы

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы