Отырар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 31/173-VIІІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Отырар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 31/173-VIІІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Отырар аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 31/173-VIІІ шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Отырар ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1,2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кірістер – 8 579 488 мың теңге: 

салықтық түсімдер – 4 820 380 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 19 433 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 163 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3 737 512 мың теңге;

2) шығындар – 9 415 744 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 20 585 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 47 575 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 26 990 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерiн сатып алу – 0;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -856 841мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 856 841 мың теңге:

қарыздар түсімі – 47 575 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 26 990 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 836 256 мың теңге.

Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа  редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Отырар аудандық 

     мәслихатының төрағасы                                         У.Ұзақов

Дата публикации
30 марта 2026