Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №22/126-VIІІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы

№22/126-VIІІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Отырар аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №22/126-VIІІ шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Отырар ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кірістер – 11 419 709 мың теңге:

салықтық түсімдер – 3 247 661 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 27 507 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 060 мың теңге;

трансферттер түсімі – 8 137 481 мың теңге;

2) шығындар – 11 633 405 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 29 634 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 53 082 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 23 448 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерiн сатып алу – 0;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -243 330 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 243 330 мың теңге:

қарыздар түсімі – 53 082 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 23 448 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 213 696 мың теңге.

Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа  редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Отырар аудандық 

мәслихатының төрағасы                                             У.Ұзақов

Дата публикации
27 ноября 2025