Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 22/126-VIІІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Отырар ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1,2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кірістер – 10 429 172 мың теңге:
салықтық түсімдер – 2 784 366 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 18 507 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 060 мың теңге;
трансферттер түсімі – 7 624 239 мың теңге;
2) шығындар – 10 642 868 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 29 634 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 53 082 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 23 448 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерiн сатып алу – 0;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -243 330 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 243 330 мың теңге:
қарыздар түсімі – 53 082 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 23 448 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 213 696 мың теңге.
Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Отырар аудандық
мәслихатының төрағасы У.Ұзақов