2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы  Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, 75 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 14/180-VIII «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес, Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Отырар ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 8 477 722 мың теңге:

салықтық түсімдер – 2 324 831 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 18 507 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 060 мың теңге;

трансферттер түсімі – 6 132 324 мың теңге;

2) шығындар – 8 477 722 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 29 634 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 53 082 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 23 448 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерiн сатып алу – 0;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -29 634 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 29 634 мың теңге:

қарыздар түсімі – 53 082 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 23 448 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

  1. 2025 жылға облыстық бюджетке және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесідей мөлшерлерде белгіленсін:

ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша:                    

аудандық бюджетке – 50,0 пайыз;

облыстық бюджетке – 50,0 пайыз;

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша:

аудандық бюджетке – 50,0 пайыз;

облыстық бюджетке – 50,0 пайыз;

төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша:

аудандық бюджетке 100 пайыз;

төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша:

аудандық бюджетке – 50 пайыз;

облыстық бюджетке – 50 пайыз;

әлеуметтік салық бойынша:

аудандық бюджетке – 50 пайыз;

облыстық бюджетке – 50 пайыз;

          3.2025 жылға облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция мөлшері 3 099 138 мың теңге болып белгіленсін.

  1. 2025 жылға аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне берілетін субвенциялар мөлшерінің жалпы сомасы 730 587 мың теңге болып қарастырылсын, оның ішінде:

Қарақоңыр ауыл округі

57 029 мың теңге;

Аққұм ауыл округі

48 842 мың теңге;

Көксарай ауыл округі

63 891 мың теңге;

Балтакөл ауыл округі

56 362 мың теңге;

Талапты ауыл округі

65 639 мың теңге;

Шілік ауыл округі

55 708 мың теңге;

Шәуілдір ауыл округі

68 851 мың теңге;

Темір ауыл округі

57 040 мың теңге;

Маяқұм ауыл округі

55 677 мың теңге;

Отырар ауыл округі

55 327 мың теңге;

Ақтөбе ауыл округі

        43 572 мың теңге;

Қоғам ауыл округі

56 914 мың теңге;

Қарғалы ауыл округі

45 735 мың теңге.

  1. Ауданның жергілікті атқарушы органның 2025 жылға арналған резерві 45 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Отырар аудандық

мәслихатының төрағасы                                         У.Ұзақов

 

Дата публикации
10 января 2025