Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №10/57-VIІІ «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы

№10/57-VIІІ «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Отырар аудадық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Отырар аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2021 жылғы 21 желтоқсандағы №10/57-VIІІ шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Отырар ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1,2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кірістер – 8 505 304 мың теңге: 

салықтық түсімдер – 2 994 159 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 18 429 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 962 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5 488 754 мың теңге;

2) шығындар – 9 006 322 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 9 465 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 31 382 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 21 917 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерiн сатып алу – 0;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -510 483 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 510 483 мың теңге:

қарыздар түсімі – 527 060 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 21 917 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 340 мың теңге.

Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа  редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Отырар аудандық

мәслихатының төрағасы                                            У.Ұзақов

Дата публикации
10 января 2025