Отырар ауданындағы қоғамдастық жиналысы мен бөлек жиындарының мәселелері туралы

Отырар ауданындағы қоғамдастық жиналысы мен бөлек жиындарының мәселелері туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-1, 6-тармақтарына, «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 тіркелген) сәйкес Отырар аудандық мәслихаты                 ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Отырар ауданында елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Аққұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Ақтөбе ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  4. Балтакөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  5. Көксарай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  6. Қарақоңыр ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 6-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  7. Қарғалы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 7-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  8. Қоғам ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 8-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  9. Талапты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 9-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  10. Темір ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 10-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  11. Маяқұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 11-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  12. Шәуілдір ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 12-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  13. Шілік ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 13-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  14. Отырар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 14-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  15. Отырар ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттері осы шешімнің 15-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  16. «Отырар ауданының мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 25/126-VI «Отырар аудандық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Отырар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 8/45-VII шешiмiнің күші жойылсын.
  17. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                    

 

Отырар аудандық

мәслихатының төрағасы                                      У. Ұзақов

Дата публикации
09 августа 2024