29 наурыз 2024 жыл 13/79-VIII
Отырар аудандық мәслихатының
әлеуметтік-мәдени даму және
депутаттық этика мәселелері
жөніндегі тұрақты комиссиясы
төрағасының өзіне жүктелген
функциялар мен өкілеттіктердің
орындалуы туралы есебі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ Заңының 12 бабына сәйкес, Отырар аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебін тыңдап, талқылай келе Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Отырар аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Т.Айдаркуловтың өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі қабылдансын.
Отырар аудандық
мәслихатының төрағасы У.Ұзақов
Отырар ауданының мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы
ЕСЕБІ
Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы 2023 жылы өз өкілеттігіне сәйкес біршама жұмыстарды атқарды. Тұрақты комиссияның құрамында 4 депутат бар. Олар: төрағасы Т.Айдаркулов, мүшелері Б.Акинбеков, А.Молдалы, Б.Пәзілбек. Тұрақты комиссия өз жұмысын бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіп, өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын, Отырар аудандық мәслихатының Регламентін басшылыққа алып отырды. Есепті мерзім ішінде аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының 9 рет мәжілісі өткізіліп, сессияның қаралуына ұсынылған мәселелер алдын-ала оның мәжілісінде талқыланып отырылды.
Тұрақты комиссияның мәжілісінде өткен жылы мынадай мәселелер қаралды:
- Отырар ауданының мәслихатының 2021 жылғы 6 мамырдағы №5/24-VII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Маяқұм ауылдық округі мен Маяқұм ауылының атауларын «Әл-Фараби» ауылдық округі мен «Әл-Фараби» ауылы деп атауларын өзгерту туралы;
- Отырар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 мамырдағы №5/24-VII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Отырар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 мамырдағы №26/157-V «Отырар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
- Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы;
- Отырар ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы;
- Отырар аудан әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы;
- Ынталы, Ш.Қалдаяқов, Отырар, Ақкөл, Самырат елді мекендерінің дамыту және құрылыс салу схемаларын бекіту туралы;
- Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
Комиссия «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 14 бабына сәйкес атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау бойынша мәселен Отырар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2022-2023 жылдары атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері жайлы есебі, Отырар аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2022-2023 жылдары атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері жайлы есебі, Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2022-2023 жылдары атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері жайлы есебтерін тыңдап тиісті шешімдер қабылданды.
Аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес сессияға ұсынылатын негізгі мәселелер бойынша уақытша комиссиялардың құрамына тұрақты комиссияның мүшелері енгізіліп, мәселе дайындауға белсене атсалысып жұмыс жасауда.
Аудандық мәслихаттың мейлінше тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында комиссия депутаттардың аудандық мәслихат сессияларының мәжілістеріне қатысуын тұрақты түрде қадағалап отыруды жолға қойған, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттарының депутаттық өкілеттігін атқаруы жайлы, оның органдарының жұмысына бірқалыпты қатысуы жайлы мәселелер қаралып, оларды есепке алуды жүзеге асырып келеді.
Тұрақты комиссия төрағасы: Т.Айдаркулов