29 наурыз 2024 жыл 13/78-VIII
Отырар аудандық мәслихатының
бюджет және экономикалық даму
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссиясы төрағасының өзіне
жүктелген функциялар мен
өкілеттіктердің орындалуы
туралы есебі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ Заңының 12 бабына сәйкес, Отырар аудандық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебін тыңдап, талқылай келе Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Отырар аудандық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Асанның өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі қабылдансын.
Отырар аудандық
мәслихатының төрағасы У.Ұзақов
Отырар ауданының мәслихатының Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы
ЕСЕБІ
Аудандық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы 2023 жылы өз өкілеттігіне сәйкес біршама жұмыстарды атқарды. Тұрақты комиссияның құрамында 7 депутат бар. Олар: төрағасы А.Асан, мүшелері А.Куртаев, С.Әбилахан, М.Ерубай, А.Амзеев, Б.Тукеев, Н.Орынбасар. Тұрақты комиссия өз жұмысын бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіп, өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын, Отырар аудандық мәслихатының Регламентін басшылыққа алып отырды. Есепті мерзім ішінде аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының 9 рет мәжілісі өткізіліп, сессияның қаралуына ұсынылған мәселелер алдын-ала оның мәжілісінде талқыланып отырылды.
Тұрақты комиссияның мәжілісінде өткен жылы мынадай мәселелер қаралды:
- Отырар ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) мен елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы;
- Отырар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы;
- Отырар ауданының мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы 24/131-VII «2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Отырар ауданының 2022 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы;
- Отырар ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің 2022 жылғы атқарылуы жөніндегі есептері туралы;
- Балтакөл елді мекенінің дамыту және құрылыс салу схемаларын бекіту туралы;
- Отырар ауданының мәслихатының 2018 жылғы 25 маусымдағы №27/144-VI «Б» корпусы Отырар аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
- «Отырар аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы;
- Сайлау комиссияларындағы бос орындарға комиссия мүшелерін сайлау туралы;
- Отырар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №23/128-VII «Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Отырар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің 2022-2023 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі;
- Отырар аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2022-2023 жылдары атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері жайлы есебі;
- Отырар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2022-2023 жылдары атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері жайлы есебі;
- Отырар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №23/125-VII «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Отырар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» №24/131-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Отырар ауданының жер комиссиясы туралы;
- Отырар аудандық мәслихатының 12 мамыр 2023 жылғы «Сегізінші сайланған Отырар ауданының мәслихатының тұрақты комиссияларын Сайлау туралы» №2/15-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Отырар аудандық мәслихатының 30 наурыз 2023 жылғы «Сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы» №1/5-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Отырар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №23/125-VII «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы;
- Отырар аудандық мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етудің 2024 жылға арналған шығыстар сметасы туралы;
- 2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы;
- Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы;
- Отырар ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы;
- «Отырар ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы.
Сондай-ақ комиссия мәжілісінде аудан бюджетіне және ауыл округтері бюджеттеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар және алдын-ала қаралып, мәслихаттың сессиясының қаралуына ұсынылып отырылды. Комиссия мүшелері, депутаттар тұрақты комиссия мәжілістерінде, сессияларда үнемі өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін айтып, жеткізіп отырды.
Аудан өңіріндегі бюджет пен әлеуметтік мәселелерге байланысты барлық мәселелер тұрақты комиссия мәжілістерінде талқыланып, сессияның қарауына ұсынылуда. Тұрақты комиссияда талқыланған қандай да мәселелер болмасын, ең бастысы ауданның экономикалық дамуына қол жеткізуге ұмтылыс үстінде.
Аудандық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы өз жұмысын жоспар бойынша жүргізе отырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру мақсатында жұмыстарды жалғастыра береді.
Тұрақты комиссия төрағасы: А.Асан