Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №10/57-VIІІ «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №10/57-VIІІ «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Отырар аудандық 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1,2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кірістер – 8 352 789 мың теңге:
салықтық түсімдер – 2 829 751 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 17 969 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 962 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5 503 107 мың теңге;
2) шығындар – 8 853 807 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 44 539 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 66 456 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 21 917 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерiн сатып алу – 0;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -545 557 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 545 557 мың теңге:
қарыздар түсімі – 562 134 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 21 917 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 340 мың теңге.
Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Отырар аудандық
мәслихатының төрағасы У.Ұзақов