Отырар аудандық мәслихатының «Отырар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2023 жылғы 12 мамырдағы № 2/14-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.«Отырар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы № 2/14-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6279-13 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесінің 12) тармағындағы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 ««Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген)» - деген сөздер ««Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген)» - деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесіндегі «(жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған)» - деген сөздер алып тасталсын.
2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Отырар аудандық
мәслихатының төрағасы У. Ұзақов
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 04.04.2024
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6510-13 болып енгізілді
Результаты согласования
ГУ "Аппарат Отырарского районного маслихата" - Главный специалист Мақсат Талғатұлы, 01.04.2024 16:59:11, положительный результат проверки ЭЦП
ГУ "Аппарат Отырарского районного маслихата" - Председатель Отырарского районного маслихата Уалихан Жамалханұлы Ұзақов, 01.04.2024 17:00:52, положительный результат проверки ЭЦП