Отырар ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Отырар ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерi мен тәртібі айқындалсын.
2.Отырар аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Отырар ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы» Отырар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 56/268-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5693 болып тіркелген);
2) «Отырар ауданының мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 56/268-VI «Отырар ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Отырар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 12/69-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26578 болып тіркелген).
3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Отырар аудандық
мәслихатының төрағасы У. Ұзақов
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі_Түркістан облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 02.04.2024
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6509-13 болып енгізілді
Результаты согласования
ГУ "Аппарат Отырарского районного маслихата" - Главный специалист Мақсат Талғатұлы, 01.04.2024 09:41:08, положительный результат проверки ЭЦП
ГУ "Аппарат Отырарского районного маслихата" - Председатель Отырарского районного маслихата Уалихан Жамалханұлы Ұзақов, 01.04.2024 09:42:06, положительный результат проверки ЭЦП