Отырар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 23/125-VIІ «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Отырар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы

№ 23/125-VIІ «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Отырар аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 20желтоқсандағы №23/125-VIІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Отырар ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1,2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кірістер – 8 620 382 мың теңге:

салықтық түсімдер – 2 420 235 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 26 269 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 491 мың теңге;

трансферттер түсімі – 6 167 387 мың теңге;

2) шығындар – 8 688 874 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 44 322 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 62 100 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 17 778 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерiн сатып алу – 0;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -112 814 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 112 814 мың теңге:

қарыздар түсімі – 62 100 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 17 778 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 68 492 мың теңге.

Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа  редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Отырар аудандық 

мәслихатының төрағасы                                   У.Ұзақов

 

Дата публикации
27 декабря 2023