Отырар ауданының мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

Отырар ауданының мәслихатының депутаттары мен аудан

халқының назарына!

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабына сәйкес  жетінші шақырылымдағы Отырар ауданының мәслихатының  кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы 2022 жылы 26 желтоқсанда сағат 11:00-де Шәуілдір ауылында аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабардар етемін. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері осы күні сағат 10:00-де  өтеді.

Депутаттар мен сессияға шақырылғандарды тіркеу 26 желтоқсан күні сағат 9:30-ден бастап аудандық мәслихатта жүргізіледі.

Сессияның қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы;
  2. Маяқұм елді мекенінің дамыту және құрылыс салу схемаларын бекіту туралы.

Сессияның қарауына келіп түсуіне орай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Жетінші шақырылымдағы Отырар ауданының мәслихатының  кезектен тыс жиырма төртінші сессиясының онлайн-трансляциясын https://aitube.kz/channel?id=b3d91314-9d84-4e59-998c-6d12302e6e6f&tab=main сілтемесі арқылы көре аласыздар.

 

 

Отырар ауданының мәслихатының хатшысы

 

 

               М. Манапов

 

 

 

 

 

Отырар ауданының мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!
Дата публикации
22 декабря 2022