2026 жылғы 7 қазанда сессия отырысында Осакаров аудандық мәслихатының шешімімен Бутеев Оразбай Жұмабекұлы, Нығматулин Шаукат Гисматуллович, Токов Ғазиз Ермекұлы әлеуметтік-экономикалық салаға қосқан зор үлесі үшін «Осакаров ауданының құрметті азаматы» атағы берілді ауданды дамыту, белсенді мемлекеттік және қоғамдық қызмет.
Аудандық мәслихатының 56 кезекті сессиясының күн тәртібіне келесі сұрақтар қаралды:
1. Аудандық мәслихатының 56 кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
2. Есеп комиссиясын сайлау туралы.
3«Осакаров ауданы жастарының патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту жағдайы мен шаралары туралы»
4. «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 12 ақпандағы № 30/290 аудандық мәслихат шешімінің орындалу барысы туралы.
5. «Осакаровка, Молодежный» кенттері және «Садовое, Ақбұлақ, Батпақты, Озерный, Пионерский» ауылдық округтері әкімдерінің 2025 жыл ішінде өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері.
6. Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 2/17 «Осакаров ауданы бойынша мүгедектігі бар балалар арасынан ерекше қажеттіліктері бар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешімінің орындалу барысы туралы.
7. Осакаров аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 сәуірдегі № 59 «Тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің орындалу барысы туралы.
8. «Осакаров ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия құру туралы» аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 25 қазандағы № 43/11 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
16.Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының аппараты мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Ресупбликасының мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Занына, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихатының 56 кезекті сессиясының күн тәртібіне келесі сұрақтар енгізілсін:
1. Аудандық мәслихатының 56 кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
2. Есеп комиссиясын сайлау туралы.
3 «Осакаров ауданы жастарының патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту жағдайы мен шаралары туралы»
4. «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 12 ақпандағы № 30/290 аудандық мәслихат шешімінің орындалу барысы туралы.
5. «Осакаровка, Молодежный» кенттері және «Садовое, Ақбұлақ, Батпақты, Озерный, Пионерский» ауылдық округтері әкімдерінің 2025 жыл ішінде өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері.
6. Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 2/17 «Осакаров ауданы бойынша мүгедектігі бар балалар арасынан ерекше қажеттіліктері бар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешімінің орындалу барысы туралы.
7. Осакаров аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 сәуірдегі № 59 «Тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің орындалу барысы туралы.
8. «Осакаров ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия құру туралы» аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 25 қазандағы № 43/11 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
16.Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының аппараты мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу туралы
Мәслихат төрағасы Қ. Саккулаков
БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАР
1. Міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын100% инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру мүмкіндігіне қатысты заңнамалық өзгерістерді кімдер пайдалана алады? Беру үрдісі қалай жүзеге асырылады?
Қазіргі уақытта салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ), сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 100%-на дейінгі бөлігін ИПБ-ға бере алады. 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылардың міндетті зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі 100%-ға дейін кеңейеді. Салымшыларға ИПБ-ны таңдау кезінде қолайлы болуы үшін зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz интернет-платформасында ай сайын барлық қажетті ақпарат жарияланады. Атап айтқанда, онда қаржылық көрсеткіштер, зейнетақы активтерінің кірістілігі, сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің көлемі, инвестициялық портфельдің құрылымы және оның динамикасы көрсетіледі.
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға жіберілген ИПБ тізілімінен қажетті ИПБ-ны таңдауы қажет. Бұл туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға беру – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінде орналастырылған. Одан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш беру қажет. Мұны БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып жасауға болады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру туралы берілген өтініштің мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы «Менің төлемдер/аударымдар/ЕЗЖ қайтаруға қатысты өтініштерім» бөлімінен бақылауға болады.
ИПБ-ға беру туралы өтініштерді қабылдау, сондай-ақ оларды БЖЗҚ-да өңдеу үрдістері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруді нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде жүзеге асырады.
2. ИПБ салымшыларға не ұсына алады?
2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 100%-на дейінгі бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмай, ИПБ-ға аудару мүмкіндікке ие болды. Сонымен қатар, егер сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған болса, МЗЖ және/немесе МКЗЖ бойынша жинақтардың бүкіл сомасын аударуға болады.
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылардың міндетті зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі 100%-ға дейін кеңейеді.
Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейінгі бөлігін ИПБ басқаруына беру салымшыларға ИПБ-лардың көрсеткіштері мен инвестициялық стратегияларын зерделеу негізінде, өздерінің жеке қалауларын ескере отырып, капиталды ұзақ мерзімді перспективада көбейтуге мүмкіндік береді.
3. Қандай компанияларға зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілуі мүмкін?
Зейнетақы активтерін басқаруға, қолданылатын стратегиясына қарамастан, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің зейнетақы активтерін басқаруға жіберілген ИПБ тізіліміне енгізілген компанияларға ғана рұқсат беріледі.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ИПБ-ларға арнайы талаптар әзірлеген. Атап айтқанда, олардың инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы, нарықта және клиенттердің активтерін басқаруда табысты жұмыс тәжірибесі, соңғы бірнеше жылдағы қаржы-шаруашылық қызметінің оң нәтижелері, зейнетақы активтерін инвестициялауға байланысты шығындарды өтеуге жеткілікті меншікті капиталы және т.б. болуы тиіс.
Сонымен қатар, ИПБ БЖЗҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасуы, сондай-ақ БЖЗҚ және кастодиан-банкпен үшжақты кастодиандық шарт жасасуы қажет.
Қазіргі уақытта зейнетақы активтерін басқаруға алты компания жіберілген. Олар
· «Alatau City Invest» АҚ
· «BCC Invest» АҚ
· «Halyk Global Markets» АҚ
· «Halyk Finance» АҚ
· СентрасСекьюритизАҚ
· «Tansar Capital» АҚ
«Halyk Global Markets» АҚ 2025 жылғы 30 желтоқсандаБЖЗҚға 2027 жылғы 1 қаңтарданбастапИПБбастамасыменшарттыбұзутуралыхабарладыОсығанбайланыстыБЖЗҚ 2026 жылғы 1 қаңтарданбастапсалымшылардыңзейнетақыактивтеріноныңбасқаруынааударутуралыжаңаөтініштерінқабылдамайды Компания тізілімнен шығарылған жағдайда, салымшылардың жинақтары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басқаруына қайтарылады.
4. Зейнетақы жинақтарын басқаруды қай компанияға сеніп тапсыру керектігін қалай таңдауға болады?
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдамас бұрын, нарықтағы ИПБ-лардың қолданыстағы тізімімен мұқият танысып, олардың БЖЗҚ сайтында орналастырылған инвестициялық декларацияларын зерделеуді ұсынамыз. Сондай-ақ ИПБ-лардың қаржылық көрсеткіштерін, сонымен бірге ИПБ-ға қатысты реттеуші орган — ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар және ықпал ету шаралары туралы ақпаратты (егер олар болған жағдайда) талдау қажет.
ИПБ-ны таңдау – салымшының дербес шешімі.
БЖЗҚ-ның invest.enpf.kz порталында әртүрлі ИПБ қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді салыстыруға болады. Олардың қатарында: кірістілік, УЕ (зейнетақы активтерінің инвестициялау нәтижесінде өзгеруін сипаттау үшін пайдаланылатын зейнетақы активтері құнының үлестік шамасы, оның бағамы есептелген инвестициялық кіріске (залалға) байланысты болады), портфельдің құрылымы және ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері бар.
Инвестициялық басқару жөніндегі бірыңғай ақпараттық интернет-платформа — салымшыларға зейнетақы инвестицияларын онлайн режимде талдауға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс.
Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ
· ИПБ-ға/ИПБ-дан/ҚР Ұлттық Банкіне беруге немесе қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;
· ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚР Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру ережелерімен және шарттарымен таныса алады;
· ИПБ-ны таңдау (өзгерту) немесе ҚР Ұлттық Банкіне қайтару туралы өтініш бере алады және оның мәртебесін бақылай алады;
· басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады.
Осылайша, invest.enpf.kz бірыңғай интернет-платформасы зейнетақы жүйесіндегі цифрлық сервистерді дамытудың маңызды элементіне айналып, салымшылардың зейнетақы капиталын басқаруға неғұрлым саналы түрде қатысуына және өздерінің қаржылық болашағын қалыптастыруына ықпал етеді.
Сондай-ақ таңдалған ИПБ инвестициялық портфелі бойынша өзекті ақпаратпен БЖЗҚ сайтындағы тиісті бөлімнен (Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға аудару) танысуға болады.
5. БЖЗҚ-ның дерекқорлары зейнетақы жинақтарының ірі сомаларын аударуға және болашақта бірнеше портфельді жүргізуге/есепке алуға бейімделген бе? ИПБ жүйелерімен интеграция қалай жүзеге асырылады?
БЖЗҚ-ның әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өз ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша мол тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн. Осыған сәйкес, БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелері ИПБ-мен өзара іс-қимыл барысында барлық деректерді есепке алуға мүмкіндік береді.
Бұл ретте БЖЗҚ барлық салымшылар үшін бірыңғай есептік және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (салымшының таңдауы бойынша ҚР Ұлттық Банкі және/немесе ИПБ)олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы болып қала береді.
«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, сондай-ақ мерзімсіз уақытқа бірінші және екінші топтағы мүгедектік белгіленген адамдардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқығы бар екенін еске салады.
Еске сала кетейік, жасына байланысты зейнетақыны жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдар ала алады: ерлер – 63 жасқа, әйелдер – 2026 жылы 61 жасқа толғанда.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін зейнеткерлік жасқа толуына байланысты тағайындату үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Алушы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күн бұрын ХҚКО-ға өтінішпен бірге қажетті құжаттарды тапсыра алады. Осы мерзімді қатаң сақтауға кеңес береміз, өйткені бұл мемлекеттік зейнетақыны алу үшін аса маңызды. Оны тағайындау кезінде ұсынылған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру талап етіледі.
Зейнетақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш зейнеткерлік жасқа толғанға дейін берілген жағдайда, өтініш берген күн зейнеткерлік жасқа толған күн болып есептеледі. Ал зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін жүгінген жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында өтініштің тіркелген күні өтініш берген күн болып есептеледі.
Сонымен қатар, телефон нөмірлері eGov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге 1414 нөмірінен зейнеткерлік жасқа толуына 2 ай қалғанда SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарламада зейнетақы төлемдерін уақытылы тағайындату үшін жақын жердегі Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жүгінуге болатыны туралы ескертіліп, egov.kz сайтындағы қажетті құжаттар тізбесінің сілтемесі көрсетіледі. Яғни зейнетақы төлемдерінің белгіленген мерзімде рәсімделуі үшін мемлекеттік органдар тиісті хабарламалар жібереді, өйткені өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды.
Сонымен бірге, зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ олар бойынша төлем алу үшін жүгінбеген азаматтарға қатысты Қор «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, осы азаматтарға жыл сайын жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің тағайындалған-тағайындалмағанын тексеру мақсатында салыстырып тексеру жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша БЖЗҚ төлемдерді проактивті форматта, яғни өтінішсіз жүзеге асырады.
Бұдан бөлек, 2026 жылғы наурыздан бастап дәл осындай өтінішсіз тәртіп ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына қатысты да енгізілді. Бұл тәртіп зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар және бұған дейін 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты төлем алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген адамдарға қолданылады.
ЕЗЖ есебінен (болған жағдайда) зейнетақы төлемдерін өтінішсіз тағайындау тәртібі:
· зейнеткерлік жасқа толуына байланысты мемлекеттік бюджеттен зейнетақы және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алу үшін белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде БЖЗҚ-ның ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін автоматты түрде тағайындауы;
· ЕЗЖ есебінен төлемдерді проактивті қызмет шеңберінде жүзеге асыру.
Мүгедектік белгіленуіне, 50 жасқа толуына байланысты ЕЗЖ есебінен төлем алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе ресми сайтындағы (enpf.kz) жеке кабинет арқылы, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы жүгіну қажет.
Мүгедектігі бар адамдар үшін БЖЗҚ-да көшпелі қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын ала ақыл-кеңес беріліп, қызметтерді қашықтан алу мүмкіндігі тексеріледі.
enpf.kz сайтында зейнетақы төлемдерінің түріне, құжаттарды ұсыну тәсіліне қарай қажетті құжаттар тізбесі, құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ сенімхат үлгісі орналастырылған. «Электрондық сервистер» бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі қарастырылған.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
Аудандық мәслихатының 55 кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне келесі сұрақтар енгізілсін:
1. Аудандық мәслихатының 55 кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы
2. Есеп комиссиясын сайлау туралы
3. Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 42/417 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
4.Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 42/418 «Осакаров ауданының кенттерінің, ауылдық округтарының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
5.Осакаров ауданы прокурорының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 2-0818-26-01067 шығыс наразылығы негізіндеОсакаров аудандық мәслихатының 2026 жылғы 05 наурыздағы № 46/452 «Осакаров ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін 2026 жылға бекіту туралы» шешімнің күшін жою туралы
6. Осакаров ауданы прокурорының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 2-0818-26-01069 шығыс наразылығы негізінде Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 44/437 «Осакаров ауданының аумағындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы
7.Осакаров ауданы мәслихатының 2021 жылғы 12 қазандағы № 131 «Осакаров ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
8.Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 14 қазандағы № 38/395 «Осакаров ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралатын болады:
Аудандық мәслихатының 55 кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне келесі сұрақтар енгізілсін:
Осакаров аудандық мәслихатына Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы К.К Саккулаковтың 2026 жылғы 27 тамызда бейнеконференц байланыс форматында өткен Қарағанды облыстық мәслихаты тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысына қатысу барысында темекі шеккені фактісі бойынша өтініш келіп түсті. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша бұзушылық фактісі расталды.
2026 жылғы 15 қыркүйекте Осакаров ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері К.К. Саккулаковқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Істі қарау қорытындысы бойынша оған айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
2026 жылғы 16 қыркүйекте аталған мәселе Осакаров аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттіктігі мен әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында қаралды.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4-тармағына сәйкес комиссия тарапынан мінез-құлықты қоғамдық айыптау нысаны ретінде қоғамдық ықпал ету шарасы қолданылды.
Отырыс барысында К.К. Саккулаков электрондық темекі шеккені растап, жіберілген бұзушылықты мойындап, орын алған жағдайға байланысты өкініш білдірді. Ол темекі шегу күн тәртібіндегі мәселелер арасындағы үзіліс кезінде болғанын, бұл ретте отырыстың бейнетрансляциясы өшірулі деп қателескенін түсіндірді.
Мәслихат төрағасы өз жауапкершілігін мойындап, комиссия мүшелерінен, мәслихат аппаратынан және сайлаушылардан кешірім сұрады, сондай-ақ заңнама талаптарын және депутаттық әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтау қажеттігін растады.
Осакаров аудандық мәслихаты депутаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, белгіленген шектеулерді және депутаттық әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етуді қажет деп санайды.
Әлеуметтік кодекстің 217-бабында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді» деп көзделген.
Мемлекеттің зейнетақы активтерінің сақталуына беретін кепілдігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) қызметін реттеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк, ҚРҰБ) де, ИПБ-лардың да инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу, зейнетақы активтерін орналастыру кезінде оларды әртараптандыру және тәуекелдерді төмендету жөніндегі талаптарды сақтау, сондай-ақ басқа да реттеуші нормалар арқылы қамтамасыз етіледі.
Жалпы алғанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесі және қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі мемлекеттік реттеу, бақылау мен жауапкершілік аясында қала береді.
Зейнетақы активтерін инвестициялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтарын осындай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – оларды түрлі қаржы құралдарына инвестициялау және инвестициялық кіріс алу.
Зейнетақы активтерін басқаратын ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың өздерінің инвестициялық стратегиялары бар және олар инвестициялық декларация шеңберінде инвестициялық портфельдің құрылымын дербес айқындайды.
ИПБ-лардың қолданыстағы тізіліміне қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарын басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді: «Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы зерделеуге болады.
Әлеуметтік кодекстің 40-бабына сәйкес салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына беру және/немесе оларды Ұлттық Банктің басқаруында қалдыру туралы шешімді дербес қабылдау құқығы берілген.
2026 жылғы қыркүйекте салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтін заңнамалық өзгерістер де күшіне енеді. Егер қазіргі уақытта салымшылар міндетті зейнетақы және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50%-ына дейін, ал ерікті зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін ИПБ-ның басқаруына бере алатын болса, күзден бастап олар ерікті зейнетақы жинақтары сияқты міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарын да толық көлемде ИПБ-ның басқаруына бере алады.
Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ түрлі инвестициялық портфельдерді, яғни зейнетақы активтерін басқару үшін ИПБ ұсынатын инвестициялық стратегияларды өз бетінше таңдай алады. Бұл стратегиялар тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленеді.
Ақшаны ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін салымшы белгіленген нысандағы өтінішті беруі қажет. Мұны электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, enpf.kz сайтындағы жеке кабинеті, invest.enpf.kz интернет-платформасы арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып жасауға болады.
Зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін ИПБ-ның басқаруына беру салымшыларға кірістілік тарихы неғұрлым үздік немесе неғұрлым агрессивті инвестициялық стратегия ұсынатын ИПБ-ны таңдау арқылы капиталды ұзақ мерзімді перспективада көбейтуге мүмкіндік береді.
БЖЗҚ – зейнетақы нарығындағы бірыңғай инфрақұрылымдық институт, оның 100% акциясы Үкіметке тиесілі. Салымшылардың өз жинақтарын ИПБ-ның басқаруына беру құқығын іске асыруына байланысты БЖЗҚ-ның институционалдық міндеті де арта түсті.
БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (салымшының таңдауы бойынша ҚР ҰБ және/немесе ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады, сондай-ақ азаматтардың жинақтары туралы ақпаратты үзінді көшірмелерде тәулік бойы, яғни «24/7» режимінде толық көрсетеді.
Бұдан бөлек, БЖЗҚ салымшылары үшін заманауи цифрлық ресурс ретінде ақпараттық интернет-платформа (invest.enpf.kz) іске қосылды. Ол барлық басқарушылардың (ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік береді.
Invest.enpf.kz платформасы кірістілік туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ белгіленген кезеңдер аралығындағы динамикада активтерді басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша көрсеткіштерді салыстыруға болады.
Осы платформа арқылы салымшылар:
Сонымен қатар инвестициялық қызмет туралы ақпарат enpf.kz сайтында және invest.enpf.kz интернет-платформасында тұрақты түрде жарияланып, жаңартылып отырады.
Салымшы зейнетақы активтерін басқаратын ИПБ-ны және инвестициялық портфельді, яғни тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдауға құқылы.
Өз кезегінде, ИПБ-ға зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару бойынша заңнамада белгіленген жауапкершілік жүктеледі. ИПБ алған номиналды кірістілік пен реттеушінің талаптарына сәйкес есептелген кірістіліктің ең төменгі мәні арасында теріс айырма болған жағдайда, ИПБ бұл теріс айырманы өзінің меншікті капиталы есебінен өтейді.
Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мөлшерінде, жинақталған инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдіктің жойылуына қатысты келіп түскен сұрақтар бойынша БЖЗҚ төмендегіні хабарлайды.
Мемлекет кепілдік береді және реттейді
Әлеуметтік кодекстің 217-бабында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына олардың нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде кепілдік береді» деп көзделген.
Мемлекеттің зейнетақы активтерінің сақталуына беретін кепілдігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) қызметін реттеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк, ҚРҰБ) де, ИПБ-лардың да инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу, зейнетақы активтерін орналастыру кезінде оларды әртараптандыру және тәуекелдерді төмендету жөніндегі талаптарды сақтау, сондай-ақ басқа да реттеуші нормалар арқылы қамтамасыз етіледі.
Ұлттық Банк зейнетақы активтерін зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге және ұзақ мерзімді нақты табыстылық алуға бағытталған мақсаттарды басшылыққа ала отырып басқарады.
ИПБ-ға зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару бойынша заңнамада белгіленген жауапкершілік жүктеледі. Яғни, ИПБ алған номиналды табыстылық пен реттеушінің талаптарына сәйкес есептелген табыстылықтың ең төменгі мәні арасында теріс айырма болған жағдайда, ИПБ осы теріс айырманы өзінің меншікті капиталы есебінен өтейді.
Мемлекет көпдеңгейлі бақылауды қамтамасыз етеді
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жүйесі көпдеңгейлі мемлекеттік бақылауда қала береді.
- Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес (ҰҚБК), оған Мемлекет басшысы төрағалық етеді, зейнетақы активтерін басқару бөлігінде – инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды, басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды зерделеп, БЖЗҚ қызметі туралы жыл сайынғы есептерді қарайды.
- Үкімет ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекітеді.
- Ұлттық Банк зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді нақты табыстылық алу мақсатында БЖЗҚ-ның инвестициялық декларациясын әзірлеп, бекітеді. Зейнетақы активтерін басқарады.
Бұл ретте Әлеуметтік кодексте әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру саласында мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтардың ынтымақтастығы мен ортақ жауапкершілігі қағидаты көзделген. Бұл – халықаралық тәжірибеде де кеңінен қолданылатын тәсіл.
Салымшылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы
Әлеуметтік кодекстің 40-бабына сәйкес, салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарын ИПБ-лардың басқаруына беру және/немесе оларды Ұлттық Банктің басқаруында қалдыру жөнінде шешімді дербес қабылдау құқығы берілген.
2026 жылғы қыркүйекте салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтін заңнамалық өзгерістер де күшіне енеді. Қазіргі уақытта салымшылар міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін ИПБ-лардың басқаруына бере алса, күзден бастап олар ерікті зейнетақы жинақтарын ғана емес, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарын да ИПБ-лардың басқаруына толық көлемде беру мүмкіндігіне ие болады.
Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ әртүрлі инвестициялық портфельдерді, яғни ИПБ ұсынатын зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегияларды өз бетінше таңдай алады. Бұл портфельдер тәуекел деңгейі, күтілетін табыстылығы және инвестициялау мерзімі бойынша бір-бірінен ерекшеленеді.
ИПБ-лардың инвестициялық басқару тиімділігін бағалау үшін MSCI және Bloomberg сияқты әлемнің жетекші қаржы компаниялары қадағалайтын композиттік индекстер (бенчмарк), сондай-ақ «Қазақстан қор биржасы» АҚ индекстері қолданылады. ИПБ-лар инвестициялық табыстылықтың белгіленген деңгейіне кепілдік береді. Егер табыстылық нарықтық бенчмарктен төмен болып қалса, ИПБ айырманы өзінің меншікті капиталы есебінен өтеуге міндетті.
Осылайша, салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтары бойынша әртүрлі инвестициялық активтерді басқарушыларды және әртүрлі инвестициялық стратегияларды (портфельдерді) өз бетінше таңдау құқығына ие. Зейнетақы активтерін басқарудың нарықтық тәсілдері жағдайында инфляция деңгейіндегі мемлекеттік кепілдіктің бұрынғы құқықтық және экономикалық мәні жойылады.
Зейнетақы активтерін басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету
Зейнетақы нарығындағы бірыңғай инфрақұрылымдық институт – БЖЗҚ, оның акцияларының 100%-ы Үкіметке тиесілі. Салымшылардың өз жинақтарын ИПБ-лардың басқаруына беру құқығын іске асыруына байланысты БЖЗҚ-ның институционалдық міндеті де арта түсті. БЖЗҚ – активтерді кім басқаратынына қарамастан (салымшының таңдауы бойынша ҚРҰБ және/немесе ИПБ) барлық салымшылар үшін бірыңғай есептік және ақпараттық орталық, сондай-ақ олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы болып табылады.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару бойынша қолжетімді қызметтер мен сервистер ұсына отырып, азаматтардың жинақтары туралы ақпаратты үзінді көшірмелерде тәулік бойы, аптасына 7 күн («24/7») режимінде толық көрсетеді. Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін зейнетақы активтерін басқарудың заманауи цифрлық ресурсы ретінде invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы іске қосылды. Бұл платформа барлық басқарушылардың (Ұлттық Банк пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін салыстыруға мүмкіндік береді. Invest.enpf.kz платформасы табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ белгіленген кезең аралығындағы деректерді динамикада қарап, активтерді басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдерінің нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесі және қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі мемлекеттік реттеу, бақылау мен жауапкершілік аясында қала береді. Бұл ретте халықаралық тәжірибеге сәйкес зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда басқа да қатысушылардың – қызметкер мен жұмыс берушінің де маңызы арта түседі.
Анықтама. Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі 28 жылдық қызметі барысында өзінің тұрақтылығы мен орнықтылығын көрсетті. Қазір зейнетақы активтерінің көлемі – шамамен 28 трлн теңге. БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің көлемі тұрақты түрде өсіп келеді: егер 2024 жылы оның көлемі 1 трлн теңгеден асса, 2025 жылы 1,5 трлн теңгеге жетті, ал 2026 жылдың 5 айында зейнетақы төлемдері шамамен 917 млрд теңге болды.
Жинақтардың жалпы көлеміндегі инвестициялық кірістің үлесі 40%-дан асады. Ұзақ мерзімді кезеңде инвестициялық табыстылық жинақталған инфляция деңгейінен едәуір жоғары. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бастап 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша инвестициялық табыстылықтың жиынтық өсімі 1 095,39%-ды, ал осы кезеңдегі инфляция деңгейі 986,70%-ды көрсетті.