"Қоғамдық кеңес туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 Бұйрығына сәйкес, 2022 жылғы 9 наурызда Осакаров аудандық мәслихатының 16 кезекті сессиясында аудан депутаттары Қарағанды облысы Осакаров ауданы Қоғамдық кеңесінің дербес құрамын бекітті.
2022 жылғы 11 наурызда Осакаров ауданының Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өткізілді, онда Қоғамдық кеңес президиумының мүшелері бірауыздан Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Сүлейменов Ержан Алексеевичті сайлады.
Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы барлық сұрақтар бойынша аудандық Қоғамдық кеңестің хатшысы Нұрғалиева Гүлсім Бейсенқызына хабарласуларыңызды сұраймыз тел: 8-702-572-61-32