026 жылға арналған жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы 

2026 жылға арналған жер комиссиясының құрамы мен ережесін

бекіту туралы 

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 15 бабының 1 тармағына 5-3) тармақшасына, 43-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына және Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы  № 117/05 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026 жылға арналған жер комиссиясының құрамы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Жер комиссиясы туралы ереже осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мәслихат төрағасы                                                     К. Саккулаков

Осакаров аудандық

мәслихаттың 2026 жылғы «30» қаңтардағы

 № 44/440 шешіміне 1 қосымша

Аудан әкімдігінің
2026 жылғы «27» қаңтардағы

№ 08/02 қаулысына қосымша

 

Жер комиссиясының құрамы

 

Есиргепов Береке Алимбаевич

Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы

Жанарстанов Аскар Жаксыкельдинович

Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы

Төлеуғазин Саян Төлеуғазұлы

Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

Сулейменов Данияр Омиртаевич

Осакаров ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы

Мажура Владимир Михайлович

Осакаров ауданы Қоғамдық кеңесінің өкілі (келісім бойынша)

Саркенова Жанар Сериковна

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Осакаров аудандық филиалының директоры (келісім бойынша)

Аманбаева Гулбаршын Сембаевна

«Sarybel.KZ» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, «Гулим» жеке кәсіпкері (келісім бойынша)

Кокумбаев Арслан Ныгметович

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Осакаров ауданы бойынша тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы (келісім бойынша)

Каспаков Арман Толегенович

Аудандық мәслихат депутаты (келісім бойынша)

Құрмет Азамат Қурметұлы

«OneNet Communication» ЖШС директоры (келісім бойынша)

Калараш Юрий Александрович

«Маз Центр Караганды» ЖШС директоры (келісім бойынша)

Апачиди Пантелей Иванович

«ПиК» жеке кәсіпкерлігінің директоры (келісім бойынша)

Башаров Нурлан Амангельдыевич

«Сарыбел» кредиттік серіктестігі» ЖШС басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Торебеков Омар Анарбекович

«Акжол 2070» ЖШС Директоры

Тиісті кенттің немесе ауылдық округтің әкімі

(Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес)

Рахимберлинов Булат Балмакаевич

Батпақты ауылдық округінің әкімі

Мусалим Кеншілік

Сарыөзек ауылдық округінің әкімі

Ибрагимова Алтынай Жанабаевна

Жансары ауылдық округінің әкімі

Кудайбергенов Рустем Кудайбергенович

Жұлдыз ауылдық округінің әкімі

Бейсенбеков Беймбет Несипбекович

Ертіс ауылдық округінің әкімі

Мустафин Ержан Акашевич

Қаратомар ауылдық округінің әкімі

Пята Александр Васильевич

Есіл ауылдық округінің әкімі

Жетписбаева Алтын Имантаевна

Кұндызды ауылдық округінің әкімі

Геннинберг Игорь Владимирович

Мирный ауылдық округінің әкімі

Скаков Ардак Мейрханович

Маржанкөл ауылдық округінің әкімі

Ахметов Ахат Ермекович

Николаев ауылдық округінің әкімі

Акимжанов Хажимухамед Кабылдинович

Озерное ауылдық округінің әкімі

Асербаев Еркин Калиевич

Қарағайлы ауылдық округінің әкімі

Молдаш Хавдрасал

Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі

Саульян Григорий Александрович

Пионер ауылдық округінің әкімі

Сексембай Ёлка

Родников ауылдық округінің әкімі

Кенжебаев Мейыржан Ниязович

Садовое ауылдық округінің әкімі

Махметова Карлыгаш Сапаровна

Сұңқар ауылдық округінің әкімі

Ибраева Эльмира Ныгмановна

Нияз ауылдық округінің әкімі

Жубайхан Асалбек

Трудовой ауылдық округінің әкімі

Алдаркина Анастасия Александровна

Шидерті ауылдық округінің әкімі

Машрапов Нургазы Сергазиевич

Молодежный кентінің әкімі

Акижанов Серик Танжарыкович

Осакаровка кентінің әкімі

Тиісті кенттің немесе ауылдық округтің жергілікті халқының өкілі

(Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес)

 

Хасенов Махмет Казбекович

Батпақты ауылдық округі

Мәжіг Базар

Сарыөзек ауылдық округі

Даутбеков Есимжан Аханович

Жансары ауылдық округі

Дедуренко Игорь Михайлович

Жұлдыз ауылдық округі

Ракижанова Нейля Тельмановна

Ертіс ауылдық округі

Алибеков Сагат Толеубаевич

Қаратомар ауылдық округі

Осанова Гульмира Рымтаевна

Есіл ауылдық округі

Мухамедин Болат Сейтенович

Кұндызды ауылдық округі

Мусин Айдархан Курмашевич

Мирный ауылдық округі

Абдрахманов Казбек Сатбекович

Маржанкөл ауылдық округі

Калугин Вячеслав Александрович

Николаев ауылдық округі

Цвенгер Елена Ивановна

Озерное ауылдық округі

Онорхан Нурлан

Қарағайлы ауылдық округі

Демченко Ирина Алексеевна

Ақбұлақ ауылдық округі

Савушкин Василий Борисович

Пионер ауылдық округі

Гайдай Людмила Васильевна

Родников ауылдық округі

Иващенко Александр Николаевич

Садовое ауылдық округі

Черкашенко Роза Аубакировна

Сұңқар ауылдық округі

Хуат Мавлет

Нияз ауылдық округі

Омирсерик Расул

Трудовой ауылдық округі

Грибоедова Ольга Рифатовна

Шидерті ауылдық округі

Бушуев Федор Федорович

Молодежный кенті

Шакирбеков Ислам Мухтарович

Осакаровка кенті

     

 

Осакаров аудандық      

           мәслихатының  2025 жылдың     

           «24» желтоқсандағы № 43/432    

           шешіміне 2 қосымша

 

Ереже жер комиссиясы туралы

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Жер комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) жер қатынастарын реттеу мақсатында құрылған Осакаров ауданы әкімдігі жанындағы тұрақты жұмыс істейтін құзыретті орган болып табылады.
  2. Жер комиссиясы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Комиссия өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделетін қорытындылар береді.
  4. Комиссия аудан әкімдігінің қаулысымен құрылады.
  5. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан, аудандық мәслихат депутаттары қатарынан, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының өкілдерінен, сондай-ақ хатшыдан тұрады. Аудан әкімдігінің қалауы бойынша комиссия құрамына басқа да тұлғалар енгізілуі мүмкін.
  6. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган – әкімдік алдында жауапты.
  7. Комиссияның қызметі ашықтық, жариялылық, алқалылық және бейтараптық қағидаттарына негізделеді.

2-тарау. Комиссияның функциялары мен құқықтары

  1. Комиссияның функциялары жер учаскелеріне құқық беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін уақытша ақылы жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қоры жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындылар дайындау болып табылады.
  2. Комиссия өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан жер учаскесінің бар немесе жоқ екендігі, жер учаскесіне ауыртпалықтардың болуы, заңды тұлғалардың жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесінің бар немесе жоқтығы, су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану режимі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.

3-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру

  1. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
  2. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-бабына сәйкес айқындалады.
  3. Комиссия төрағасы жер мәселелерін үйлестіретін аудан әкімінің орынбасары болып табылады.
  4. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы Ережемен Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
  5. Комиссия төрағасы:
  6. отырыстарды шақырады;
  7. Комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
  8. Комиссияның жұмысын жоспарлайды;
  9. Комиссия отырыстарында төрағалық етеді.
  10. Комиссия төрағасы болмаған кезеңде оның міндеттерін Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
  11. Комиссия мүшелері:
  12. ұсынылған материалдармен танысады;
  13. Комиссия отырысында қаралуға тиіс мәселелерді қарайды және тиісті шешім қабылдауға қатысады;
  14. отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттіктерін басқа адамдарға бермейді;
  15. жер комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда комиссия мүшесі жазбаша түрде ерекше пікір білдіруге құқылы, ол жер комиссиясының шешіміне қоса тіркеледі.
  16. Комиссия хатшысы:
  17. Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
  18. Комиссия мүшелерін отырыстың күні мен орны туралы хабардар етеді;
  19. отырысты өткізу үшін материалдарды дайындайды, комиссия отырысының хаттамасын және қорытындысын ресімдейді;
  20. Комиссия мүшесі болып табылмайды.

 Комиссияның жұмыс органы «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады. Комиссия хатшысының міндеттері Жұмыс органының маманына жүктеледі.

  1. Комиссия отырысының күн тәртібі, сондай-ақ өткізу күні, уақыты мен орны Комиссия төрағасымен айқындалады.
  2. Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастыру, Комиссия мүшелерін шақыру, Комиссия қорытындыларының жобаларын дайындау және өзге де қажетті іс-шараларды Жұмыс органы қамтамасыз етеді.
  3. Комиссия отырысы, егер оған оның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, заңды болып саналады. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың және өзге де салалық үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері қатысушылардың жалпы санының кемінде елу пайызын құрауы тиіс. Жер комиссиясының мүшелері отырысқа ауыстыру құқығынсыз қатысады. Комиссия мүшесі, егер қаралатын мәселе бойынша шешім қабылданатын тұлға оның жұбайы (зайыбы), жақын туысы (ата-анасы, баласы, асырап алушысы (асырап алғаны), асырап алынғаны, туған және өгей ағасы мен әпкесі, атасы, әжесі, немересі) немесе жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы мен баласы, туған және өгей ағасы мен әпкесі, асырап алынғаны) болып табылса, өздігінен бас тарту туралы мәлімдейді. Өздігінен бас тарту Комиссия отырысы басталғанға дейін жазбаша түрде мәлімделуі тиіс.
  4. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысқан жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады және егер оған жер комиссиясы мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі.
  5. Комиссия отырысы міндетті түрде аудио-, бейнежазба құралдары арқылы тіркеледі. Жер комиссиясының отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен тіркеуді Осакаров ауданының жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
  6. Комиссияның қорытындысы Жұмыс органы Комиссияға аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсатта пайдалану мүмкіндігі немесе жер учаскесін алдын ала таңдау туралы ұсынысты берген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады (елді мекен шегіндегі объектілер құрылысын қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұратылған жағдайда). Жұмыс органы Комиссияның хаттамалық шешімдерін ай сайын өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
  7. Комиссия қорытындысының бір данасы қол қойылған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге (оның өкіліне) мынадай тәсілдердің бірімен тапсырылады (жіберіледі): хабарлама берілетін тапсырысты пошта жөнелтілімімен;электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында;өтініш берушінің электрондық пошта мекенжайына.

4-тарау. Қорытынды ережелер

 

  1. Комиссияның хаттамалық шешімі өтініш беруші алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен сотқа шағымдануы мүмкін.
  2. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету тиісті әкім аппаратына жүктеледі.
Дата публикации
17 февраля 2026