55/525 2026 жылғы 22 қыркүйек Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 44/437 «Осакаров ауданының аумағындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы

55/525

2026 жылғы 22 қыркүйек

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 44/437 «Осакаров ауданының аумағындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес және Осакаров ауданы прокурорының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі шығыс № 2-0818-26-01069 наразылығы негізінде  аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.                 Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 44/437 «Осакаров ауданының аумағындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Осакаров ауданының аумағындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарының 4 тармағы 11) тармақшасымен мынадай мазмұнда толықтырылсын:

«11) осы Жоспарға 15-қосымшаға сәйкес Осакаров ауданы бойынша жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін жүктеме нормасы.»;

Осакаров ауданының аумағындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес 15-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Мәслихат төрағасы                                        К. Саккулаков

Дата публикации
09 октября 2026