|
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ОСАКАРОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ 2026 жылғы 21 шілдедегі
ОСАКАРОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ 2026 жылғы 22 шілдедегі |
|
АКИМАТ ОСАКАРОВСКОГО РАЙОНА КАРАГАНДИНСКОЙ ОБЛАСТИ №70/01
ОСАКАРОВСКИЙ РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ № 53/514
|
|
БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ ШЕШІМ Осакаровка кенті |
|
СОВМЕСТНОЕ ПОСТАНОВЛЕНИЕ И РЕШЕНИЕ поселок Осакаровка |
Қарағанды облысы Осакаров ауданы
Родников ауылдық округінің елді мекендерінің
шекараларын өзгерту және белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 1 және 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 16-бабының 3) тармақшасына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округінің елді мекендерінің шекаралары өзгертіліп және белгіленсін:
1) Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округіне қарасты Родниковское ауылының шекарасын өзгертіп, елді мекен шекарасынан жалпы көлемі 1 140,0000 гектар жерді шығару және оларды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатқызу арқылы, елді мекеннің жалпы аумағы осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-қосымшасына сәйкес 1321,3977 гектар болып белгіленсін;
2) Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округіне қарасты (бұрынғы – Төртқұдық) Қарасу ауылының шекарасын өзгертіп, елді мекен шекарасынан жалпы көлемі 2 368,0000 гектар жерді шығару және оларды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатқызу арқылы, елді мекеннің жалпы аумағы осы бірлескен қаулы мен шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 2432,4914 гектар болып белгіленсін;
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы Осакаров ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен Осакаров аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осакаров ауданының әкімі Р. Нурмуханбетов
Осакаров аудандық
мәслихатының төрағасы К. Саккулаков