52/509 2026 жылғы 3 шілдеде Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 42/418 «Осакаров ауданының кенттерінің, ауылдық округтарының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

52/509

2026 жылғы 3 шілдеде

Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы

№ 42/418 «Осакаров ауданының кенттерінің, ауылдық округтарының

2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы

            Осакаров аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 42/418 «Осакаров ауданының кенттерінің, ауылдық округтарының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

  1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  «1. Осакаровка кентінің 2026-2028 жылдарға арналған   бюджеті 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

  1) кірістер – 414 711  мың теңге, оның ішінде:

  салықтық түсімдер – 397 611  мың теңге;

  салықтық емес  түсімдер –  0 теңге;

  негізгі капиталды  сатудан  түсетін түсімдер – 6 900 мың теңге;

  трансферттер  түсімі – 10 200 мың теңге;

  2) шығындар – 505 712 мың теңге;

            3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

  бюджеттік кредиттер  –  0 теңге;

  бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

  4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның iшiнде:

  қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

      5) бюджет тапшылығы  (профициті) -  - 91 001 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 91 001

мың теңге, оның ішінде:

  қарыздар түсімі - 0  теңге;

  қарыздарды өтеу -  0  теңге;

  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары -  91 001 мың теңге.»;                  

            "Осакаровка кентінің 2026 жылға арналған бюджетінде 3-1-қосымшаға сәйкес аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі көзделгені ескерілсін".        

            көрсетілген шешімнің  1, 3-1 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

            2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

                Мәслихат төрағасы     К.Саккулаков

Дата публикации
09 октября 2026