52/508 2026 жылғы 3 шілдегі Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 42/417 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

52/508

2026 жылғы 3 шілдегі

Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 42/417 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

          Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

          1. Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 42/417 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:  

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5 340 861 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 445 192 мың теңге;

салықтық емес  түсімдер –  45 688 мың теңге;

негізгі капиталды  сатудан  түсетін түсімдер – 2 100 мың теңге;

трансферттер түсімі – 1 847 881  мың теңге;

2) шығындар -  5 479 920 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 68 435 мың теңге, оның ішінде:

          бюджеттік кредиттер –  196 788 мың тенге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 128 353 мың тенге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0  теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0  теңге;

5) бюджет тапшылығы  (профициті) - - 207 494 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 207 494 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі -   196 788 мың теңге;

қарыздарды өтеу -  130 809  мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары -  141 515 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы  осы шешімнің   қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мәслихат төрағасы                                   К.Саккулаков

Дата публикации
09 октября 2026