Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 42/417 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 42/417 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 4 080 104 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 3 295 192 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 45 688 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 100 мың теңге;
трансферттер түсімі – 737 124 мың теңге;
2) шығындар - 4 219 163 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 68 345 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 196 788 мың тенге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 128 353 мың тенге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 207 494 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 207 494 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 196 788 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 128 353 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 139 059 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы Қ. Саккулаков