Осакаров ауданының аумағындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы

Осакаров ауданының аумағындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес, Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Қоса беріліп отырған Осакаров ауданы жерлерінің аумағында жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспар бекітілсін.

2.Осакаров аудандық мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Осакаров аудандық мәслихаты аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

           3.Осы шешімнің орындалуын бақылау Осакаров аудандық мәслихатының заңдылық және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  

  Мәслихат төрағасы                                                К. Саккулаков

Дата публикации
08 октября 2026