Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кентінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кентінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»бұйрығына сәйкес(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген), аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

        1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кентінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

       2. Жергілікті қоғамдыстық жиынына қатысу үшін Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кенті тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

       3.   Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  

         Мәслихат төрағасы                                                          К. Саккулаков

 

Дата публикации
07 октября 2026