Осакаров аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 29/271 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 29/271 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7 225 460 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 398 263 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 71 239 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 552 мың теңге;
трансферттер түсімі – 4 752 406 мың теңге;
2) шығындар - 7 783 488 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 65 835 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 182 838 мың тенге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 117 003 мың тенге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 623 863 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 623 863 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 182 838 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 124 387 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 565 412 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы Қ. Саккулаков