Осакаров аудандық мәслихатының 8-ші сайланған кезекті 55 сессия отырыс ХАТТАМАСЫ

Осакаровка кенті                                                                        2026 жыл «22» қыркүйек

                                                                                                      сағат 11-00

 

Құрметті депутаттар мен шақырылғандар!

 

Сессияны ашып және жүргізіп тұрған Саккулаков К., 8-ші сайланған кезекті 55 сессияға аудандық мәслихаттың 10 депутат қатысты

Қатысқан депутаттардың саны сессия ашуға құқық береді.

Осакаров аудандық мәслихатының кезекті 55 сессиясын ашық деп санауға рұқсат етіңіз.

 

Саккулаков К.: Құрметті депутаттар!

Біз күн тәртібін және жұмыс регламентін бекітуіміз керек.

Бүгінгі сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер шығарылады:

1. Аудандық мәслихатының 55 кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы

2. Есеп комиссиясын сайлау туралы

3. Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 42/417 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

4.Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 42/418 «Осакаров ауданының кенттерінің, ауылдық округтарының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы

5.Осакаров ауданы прокурорының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 2-0818-26-01067 шығыс наразылығы негізіндеОсакаров аудандық мәслихатының 2026 жылғы 05 наурыздағы № 46/452 «Осакаров ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін 2026 жылға бекіту туралы» шешімнің күшін жою туралы

6. Осакаров ауданы прокурорының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 2-0818-26-01069 шығыс наразылығы негізінде Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 44/437 «Осакаров ауданының аумағындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы

7.Осакаров ауданы мәслихатының 2021 жылғы 12 қазандағы № 131 «Осакаров ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

8.Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 14 қазандағы № 38/395 «Осакаров ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Саккулаков К.: 1. Негізгі мәселелер бойынша 10 минутқа дейін, баяндамашыларға 3 минутқа дейін, анықтама үшін 2 минутқа дейін және жұмысты үзіліссіз аяқтау ұсынылады. 

Осы күн тәртібін және жұмыс регламентін дауыс беруге қоямын.

Кім үшін? 10

Кім қарсы? Жоқ.

Кім қалыс қалды? Жоқ.

Қабылданады. 

Саккулаков К.: 2. Аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес және сессияның сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында біз есеп комиссиясын сайлауымыз қажет.

Сіздің қарауыңызға есеп комиссиясының келесі құрамы ұсынылады:

 

       1.  Абдоллаев Сырымбет Сымбатович – аудан депутаты;

       2.  Какенов Нурлан Сагадатович аудан депутаты;

       3.  Усумбеков Нуржан Оралбаевич аудан депутаты.

 

Есеп комиссиясының құрамына осы кандидатураларды бекіту үшін дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім үшін? 10

Кім қарсы? Жоқ.

Кім қалыс қалды? Жоқ.

Қабылданады.

 

Саккулаков К.:  3. Күн тәртібіндегі мәселені қарауға көшеміз: Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 42/417 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы

          Сөз сөйлеу экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ахтаева Жанна Ахановнаға беріледі.

(Ж. А. Ахтаеваның баяндамасы)

 

Саккулаков К.: біз Жанна Ахановнаның ақпаратын тыңдадық. Кімнің сұрақтары, ұсыныстары бар?

Егер сұрақтар мен ұсыныстар болмаса, біз осы мәселе бойынша шешім қабылдауымыз керек. Ж. А. Ахтаеваның ақпараты назарға алынсын және нормативтік құқықтық актінің бекітілген жобасы қанағаттанарлық деп саналсын, ресми жариялау үшін эталондық бақылау банкіне жіберілсін.

Бұл ұсынысты дауыс беруге қоямын.

Кім үшін? 10

Кім қарсы? Жоқ.

Кім қалыс қалды? Жоқ.

Қабылданады.

Саккулаков К.:  4. Күн тәртібіндегі мәселені қарауға көшеміз: Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 42/418 «Осакаров ауданының кенттерінің, ауылдық округтарының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы

          Сөз сөйлеу экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ахтаева Жанна Ахановнаға беріледі.

(Ж. А. Ахтаеваның баяндамасы)

 

Саккулаков К.: біз Жанна Ахановнаның ақпаратын тыңдадық. Кімнің сұрақтары, ұсыныстары бар?

Егер сұрақтар мен ұсыныстар болмаса, біз осы мәселе бойынша шешім қабылдауымыз керек. Ж. А. Ахтаеваның ақпараты назарға алынсын және нормативтік құқықтық актінің бекітілген жобасы қанағаттанарлық деп саналсын, ресми жариялау үшін эталондық бақылау банкіне жіберілсін.

Бұл ұсынысты дауыс беруге қоямын.

Кім үшін? 10

Кім қарсы? Жоқ.

Кім қалыс қалды? Жоқ.

Қабылданады.

Саккулаков К.:  5. Күн тәртібіндегі мәселені қарауға көшеміз: Осакаров ауданы прокурорының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 2-0818-26-01067 шығыс наразылығы негізіндеОсакаров аудандық мәслихатының 2026 жылғы 05 наурыздағы № 46/452 «Осакаров ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін 2026 жылға бекіту туралы» шешімнің күшін жою туралы

          Құрметті депутаттар! аудан прокуратурасымен Осакаров аудандық мәслихатының 05.03.2026ж. №46/452 «Осакаров ауданы бойынша кондоминиум объектіс ін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін 2026ж. бекіту туралы» шешімінің (бұдан әрі - Шешім) қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі зерделенді.

Прокуратураның Зерделеу барысында аталған Шешімде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердіңнормаларына сәйкессіздіктер бар екендігі анықталды.

Атап айтқанда, Заңның 10-3-бабының 1-тармағына және (Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрін ің м.а. 30.03.2020ж. №166 бұйрығымен бекітілген) кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектіс ін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемес інінің 6-тармағына сәйкес жергiлiктi өкiлдi органдар республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерлер індегі, кондоминиум объектіс ін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекiтедi. Алайда, Шешімнің 1-тармағымен 2026ж. кондоминиум объектіс ін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп -ұстауға арналған

шығыстардың ең төмен мөлшері бір шаршы метр үшін айына 57,94 теңге

мөлшерінде бекітілген. Осылайша, бекітілетін шығыстар түрінің атауы, сондай-ақ шығыстардың ең төмен мөлшерінің АЕК-пен емес, теңгемен белгіленуі қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келмейді. Сонымен қатар Заңның 34-1-бабы 2-тармағына сәйкес Ағымдағы жарналардың мөлшері астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары бекіткен кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерінен аз болмауға тиіс.

Бұл ретте ағымдағы жарналардың мөлшері пәтердің пайдалы алаңына, тұрғын емес үй-жайдың алаңына мөлшерлес түрде белгіленеді. Алайда, Шешімнің 1-тармағында шығыстардың ең төмен мөлшері «1 шаршы метр үшін» деп жалпы көрсетілгенімен, пәтерлер бойынша есептеуге жататын пайдалы алаң мен тұрғын емес үй-жайлар бойынша есепке алынатын алаң нақты ажыратылмаған.

Мұндай тұжырым Шешімді іс жүзінде қолдану кезінде қандай алаң көрсеткішінің негізге алынуға тиіс екендігіне қатысты әртүрлі түсіндіруге жол береді. «Құқықтық актілер туралы» Заңының 24-бабы 3-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің мәтiнi нақты мағынаны және әртүрлi түсiндiруге жатпайтын мағынаны қамтуға тиiс. Осыған байланысты Шешімнің жоғарыда көрсетілген ережелері кондоминиум объектіс ін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу кезінде қолданылатын алаңды бірмәнді айқындауға мүмкіндік бермейді.

Құқықтық реттеудің анық болмауы ең төмен тарифті қолданатын субъектілер мен жылжымайтын мүлік меншік иелері арасында есептеулердің құқықтық негіздерінің болмауына байланысты жаппай даулардың туындау қаупін тудырады. Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 32-бабының 2-тармағына сәйкес прокурорлық қадағалау актілері жіберілген органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың қарауы, орындауы үшін міндетті және аталған талаптар орындалмаған жағдайда ӘҚБтК-нің 665-бабы 2-бөлігіне сәйкес жауаптылық қарастырылғанын түсіндіруді. Жоғарыда аталғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 84-бабын және Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 33-бабын басшылыққа ала отырып, талап етіп отыр Осакаров аудандық мәслихатының 05.03.2026ж. №46/452 «Осакаров ауданы бойынша кондоминиум объектіс ін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін 2026ж. бекіту туралы» шешімі заңсыз деп танылып, күші жойылсын және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес келтірілсін.

Бұл ұсынысты дауыс беруге қоямын.

Кім үшін? 10

Кім қарсы? Жоқ.

Кім қалыс қалды? Жоқ.

Қабылданады.

Саккулаков К.:  6. Күн тәртібіндегі мәселені қарауға көшеміз: Осакаров ауданы прокурорының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 2-0818-26-01069 шығыс наразылығы негізінде Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 44/437 «Осакаров ауданының аумағындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы

          Құрметті депутаттар! аудан прокуратурасы жергілікті өкілді органның нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауына талдау жүргізді.  Осакаров ауданының жалпы аумағы 1 126 147 га құрайды, оның ішінде: егістік жерлер 519 555 га, көпжылдық екпелер 32 га, бақтар 18 га, тыңайған жерлер 28 258 га, шабындықтар 8 170 га, жайылымдар 508 662 га (оның ішінде түбегейлі жақсартылған жайылымдар - 85 629 га), өзге де жер алқаптары 61 470 га. Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 15-бабы 1-бөлігі 2-1-тармақшасына сәйкес тиісті аумақтарда жер қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті өкілді органдардың құзыретіне Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды (бұдан әрі - Жоспар) бекіту жатады. «Жайылымдар туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 8-бабына сәйкес ауданның жергілікті өкілді органының құзыретіне ауданның жергілікті атқарушы органының Жоспарды іске асыру барысы туралы жыл сайынғы есебін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен тыңдау жатады.

Заңның 13-бабына сәйкес Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады. Сонымен қатар Жоспар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптарды қамтуға тиіс. Жоспарды ауданның жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспардың негізінде әзірлейді. Ауыл шаруашылығы министрінің 29.07.2024ж. №263 бұйрығымен бекітілген Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспардың

талаптарына сәйкес Жоспарда жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын сақтау, жайылым айналымын және су пайдалану көздерін ескере отырып жайылымдарды пайдалану, жайылым алаңдарын жекелеген өріс учаскелеріне бөлу, сондай-ақ учаскелерді маусымдарға қарай кезектестіру сияқты талаптар ескерілуге тиіс. Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасына сәйкес (ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.04.2015ж. №3-3/332 бұйрығымен бекітілген) Қарағанды облысы бойынша жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасы бекітіліп, экологиялықгеографиялық аудандар және жайылым типтері бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының 1 басына арналған жайылым алаңының нормасы (ірі қара малға - 8,5 гектардан 15 гектарға дей ін, қой мен ешкілер - 1,7 гектардан 5 гектарға дей ін, жылқылар – 10,2 гектардан 30 гектарға дейін) белгіленген. Өз кезегінде 30.01.2026ж. Осакаров аудандық мәслихатының №44/437 шешімімен Осакаров ауданының аумағында жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030жж. арналған жоспар бекітілген.

Алайда, Жоспарда жайылымдардың экологиялық-географиялық аудандары

(кіші аймақтары) мен басым типтері көрсетілмеген, бұл жайылымдардың шекті рұқсат етілетін жүктеме нормативтерін нақты аумақтарға саралап қолдануға мүмкіндік бермейді. Нәтижес інде жайылымдардың нақты сыйымдылығын және ауыл шаруашылығы жануарларының жол берілетін мал басын айқындау, сондай-ақ жайылымдарды шамадан тыс пайдалануды болдырмау және олардың жай-күйіне тиімді мониторинг жүргізу қиындайды. Осыған байланысты Жоспардың жекелеген жайылым учаскелері бойынша белгіленген жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларына сәйкестігін объективті бағалау және оның сақталуын бақылау тетіктері нақты айқындалмаған. «Құқықтық актілер туралы» Заңның 10-бабы 2,3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясын қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдық күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:

1) Конс ти туцияға өзгерiс тер мен то лықтырулар енгiзе тiн за ңдар,

2) Қазақстан Республи касының конституциялық заңдары,

3) Қазақстан Республикасының кодекстерi,

4) Қазақстан Республикасының заңдары,

5) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары,

6) Қазақстан Республикасы Құрылтайының нормативтік қаулылары,

7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары,

8)Қазақстан Республикасы министрлерiнің және орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық

Банкінің және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары,

9) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

10) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықты қ қаулы лары, әкімдер дің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары.

Төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің әрқайсысы жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге тиіс.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 84-бабын және Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 33-бабын басшылыққа ала отырып, талап етіп отыр.

Бұл ұсынысты дауыс беруге қоямын.

Кім үшін? 10

Кім қарсы? Жоқ.

Кім қалыс қалды? Жоқ.

Қабылданады.

Саккулаков К.:  7. Күн тәртібіндегі мәселені қарауға көшеміз: Осакаров ауданы мәслихатының 2021 жылғы 12 қазандағы № 131 «Осакаров ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

          Құрметті депутаттар! кадрлық өзгерістерге байланысты" жобасы бойынша Осакаров ауданы әкімі аппараты жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамынан комиссия мүшесі Елена Олеговна Калугина шығарылды, оның орнына Диана Серікбайқызы Мұқашева қосылды.

Саккулаков К.:  8. Күн тәртібіндегі мәселені қарауға көшеміз: Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 14 қазандағы № 38/395 «Осакаров ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

          Құрметті депутаттар! кадрлық өзгерістерге байланысты" жобасы бойынша Осакаров ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамынан:

- Дмитриев Александр Сергеевич шығып қалады, оның орнына Михан Бақытжан Ербулан кіреді;

- Нұрсейітов Шыңғыс Оралұлы шығып, оның орнына құрамына Қапаров Қуаныш Манарбекұлы кіреді;

- Өмірзақова Шинар Өмірзаққызы шығып қалады, оның орнына құрамына Мұхамеджанова Диана Ердосқызы кіреді;

- Бекенбаев Саят Сайлаубекұлы шығып қалады, оның орнына құрамына Әкімжанов Хажимухамет Қабылдаұлы кіреді;

- Рамазан Руслан Рамазанұлы шығып, оның орнына құрамға Исатаев Алмат Несіпбекұлы кіреді;

- Әкімжанов Хажимухамет Қабылдинұлы шығып қалады, оның орнына құрамына Екатерина Ивановна Клинюшина кіреді;

- Бейсембеков Беймбет Несіпбекұлы шығып кетеді;

- Ахметов Ахат Ермекұлы шығып қалады, оның орнына Бейсембеков Беймбет Несіпбекұлы қосылады;

- Сексенбай Ёлка шығып, оның орнына құрамына Есербаев Еркін Қалиұлы кіреді;

- деп Алдаркина Анастасия Александровна шығып қалды.

Бұл ретте біз мәслихаттың кезекті 55 сессиясының отырысын аяқтаймыз.      

Барлығына қатысқаны үшін алғыс айтамын. Қош болыныздар!

 

 

Мәслихат төрағасы                                                           Саккулаков К.

 

 

Хаттама жүргізген

бас маман                                                                                        ЖА. Балабиев

Дата публикации
24 сентября 2026