Осакаров ауданы бойынша 2025 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Осакаров ауданы бойынша  2025 жылға арналған  шетелдіктер үшін

туристік жарнаның  мөлшерлемелерін  бекіту туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осакаров ауданы бойынша 2025 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  Мәслихат төрағасы К.Саккулаков
Дата публикации
21 сентября 2026