Осакаров аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 29/271 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осакаров аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 29/271 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:   

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7 137 792 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 388 263 мың теңге;

салықтық емес  түсімдер –  34 239 мың теңге;

негізгі капиталды  сатудан  түсетін түсімдер – 2 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 4 713 290  мың теңге;

2) шығындар -  7 695 820 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 65 835 мың теңге, оның ішінде:

          бюджеттік кредиттер –  182 838 мың тенге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 117 003 мың тенге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0  теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0  теңге;

5) бюджет тапшылығы  (профициті) - - 623 863 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 623 863 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі -   182 838 мың теңге;

қарыздарды өтеу -  117 003 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары -  558 028 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің  қосымшасы осы шешімнің   қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                  

 

      Мәслихат төрағасы                                             Қ. Саккулаков

 

Дата публикации
18 сентября 2026