GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Мәслихат туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Все материалы
02 октября 2026
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 58-сессиясы өтті

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 58-сессиясы өтті

   2026 жылғы 2 қазан күні қалалық мәслихатының кезектен тыс 58-сессиясы өтті. Сессия отырысына қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті.
   Сессия қарауына «Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» және «Қызылорда қаласының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» мәселелері шығарылды.
   Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық мәслихат аппаратының заңгері М.Мұхтаров хабарлама жасап, депутаттарға түсіндірме берді.
   Сессия қарауына шығарылған мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
   Сессия жұмысы «Youtube» (ютуб) арнасы арқылы тікелей эфирден көрсетілді.

28 сентября 2026
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 57-СЕССИЯСЫ ӨТТІ
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 57-СЕССИЯСЫ ӨТТІ
   Бүгін, 25 қыркүйек күні қалалық мәслихаттың кезекті 57-сессиясы өтті. Сессияға қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті.
Сессия жұмысы алдында жалпы ұлттық аза тұту күніне орай, Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған әскери қызметшілерді рухына тағзым етілді.
Сессияның күн тәртібіне 7 мәселе ұсынылып, қаралды.
   Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Қызылорда қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі.
Қала әкімі Н.Ахатов өз баяндамасында ағымдағы жылдың 8 айындағы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, негізгі салалар бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды.
   Есепті кезеңде қала бюджетінің көлемі 230 млрд теңгеге жетіп, бюджет кірістерінің орындалуы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 148,1 пайызды құрады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 244,4 млрд теңгеге жетсе, құрылыс жұмыстарының көлемі 113,6 млрд теңгені құрады. Қалада 364,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 377,3 млрд теңгені, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 65,7 млрд теңгені құрады. Қалада жаңа өндіріс орындарын іске қосу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ерекше мән берілуде. Сонымен қатар денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы ірі нысандардың құрылысы жалғасуда. Қаланың инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға да басымдық берілген.
   Қала әкімі Нұржан Сәбитұлы: халықтың денсаулығы нығайту бағытында қалада қолға алынған денсаулық сақтау нысандарының құрылысы туралы атап өтті. Атап айтқанда, 300 орындық көпбейінді аурухана, қаламыздың сол жағалауында 500 орындық емхана, Президент саябағы аумағында 200 орындық перинаталдық орталық, Титов тұрғын ауданынан 400 орындық емхананың құрылысы жүргізілуде. Тасбөгет халқы үшін өзекті болып келген, 400 орындық типтік жобадағы емхана құрылысын салу үшін кенттің Есенов көшесінен жер учаскесі белгіленіп, қазіргі таңда облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.
   Сонымен бірге, «Эдельвейс» саяжайында орналасқан көл жағасынан «Балалар мен жасөспірімдер спорты мен белсенді демалысты дамытуға арналған көпфункционалды орталық» және Әл-Фараби шағын ауданындарында инновациялық-шығармашылық орталығының құрылысы салынуы жоспарланған.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы М.Жетілгеновтің «Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және бизнесті цифрлық дамыту бағытындағы міндеттердің орындалуы туралы» баяндамасы тыңдалды.
   Ағымдағы жылдың 8 айында қалада 32,4 мың кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, оның 31,2 мыңы немесе 96,5 пайызы жұмыс істеп тұр. Кәсіпкерлік саласында 57 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Ауыл аманаты», «Іскер» бағдарламалары, «Аграрлық несие корпорациясы», екінші деңгейлі банктер арқылы кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы бойынша гранттар беру жоспарланған.
   Қаладағы сауда инфрақұрылымын жаңғыртуға да басымдық берілуде. Жалпы құны 5,8 млрд теңгені құрайтын төрт сауда базары кезең-кезеңімен жаңғыртылуда. Инвестиция тарту бағытында 8 айда негізгі капиталға 244,4 млрд теңге инвестиция тартылып, жыл соңына дейін жалпы құны 50 млрд теңге болатын 14 жобаны іске асыру жоспарланған. Өңдеу өнеркәсібінде бірқатар өндіріс орындары іске қосылды. Сонымен қатар индустриялық аймақта құны 104,1 млрд теңгені құрайтын «Рока Қазақстан» және «Seven Rivers Technologies» жобаларын жүзеге асыруға дайындық жүргізілуде. Жобалар іске асқан жағдайда 600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
   Күн тәртібіндегі төртінші «2026-2028 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №314-45/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және бесінші «2026-2030 жылдарға арналған Қызылорда қаласының даму жоспарын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №341-47/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелері бойынша қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес қала бюджетінің кірістер көлемі 229,4 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде трансферттер түсімі 84,1 млрд теңге, қарыз түсімдері 72,8 млрд теңге көлемінде көзделген. Бюджет шығыстарында үнемделген 290,7 млн теңгені өзекті бағыттарға қайта бөлу жоспарлануда. Оның ішінде мүгедектігі бар азаматтарды гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 77,7 млн теңге, қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге 183,3 млн теңге бағыттау қарастырылған.
   Күн тәртібіне «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселесі бойынша қала әкімінің аппарат басшысы М.Тасқараев хабарлама жасап, Құрметті азаматы атағына ұсынылған азаматтармен таныстырып, депутаттардың назарына ұсынды.
Кезекті сессия отырысында Қызылорда қалалық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы және «Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» мәселелері қаралып, бекітілді.
   Сонымен қатар, сессия отырысында шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мәселесі бойынша қосымша хабарлама жасаған депутат Б.Сыздықов: шағын орта бизнестің кепілдендіру үлесін арттыру, кәсіпкерлік нысандарының басым көпшілігінде маман тапшылығын шешу, өндірістік аумақтардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын алдын ала дайындау, жергілікті өнімді өткізу, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, цифрландыру туралы бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Сессия отырысына облыстық басқармалары, департаменттердің басшысының орынбасарлары мен өкілдері, қоғамдық ұйымдар, құқық қорғау органдарының, қаржы институттарының өкілдері, қалалық басқармалар, дербес бөлімдердің басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, коммуналдық мекемелер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
   Сессия қарауына ұсынылған барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
  Сессия жұмысы «Youtube» арнасы арқылы тікелей эфирден көрсетілді.
17 сентября 2026
Хабарландыру!
15 сентября 2026
Қалалық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы қыркүйек айындағы жеке қабылдаулар кестесі.
14 сентября 2026
7-11 қыркүйек аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары М.Әбдіқалықов, М.Бисенова, Ә.Әбләзім және А.Мұсабаева қабылдауларын өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына қатысты және басқа да мәселелер көтерілді.
   2026 жылдың 7-11 қыркүйек аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары М.Әбдіқалықов, М.Бисенова, Ә.Әбләзім және А.Мұсабаева қабылдауларын өткізді.
   Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына қатысты және басқа да мәселелер көтерілді.
  - Қайта жаңғыртудан өткен Сағымбаев көшесіне қоғамдық көлікке арналған аялдамалар орнату;
   - Мемлекеттен алған жалдамалы тұрғын үй мәселесі;
   - Тұран көшесіне түнгі жарық шамдарын орнату;
   - Абай даңғылы №№ 53, 55, 57, 59 үйлердің аулаларын кешенді абаттандыру және аулаішілік жолдардың жағдайы, автотұрақ орындарының жеткіліксіздігі, жарықтандырудың нашарлығы және қасбеттердің тозуы;
   - «Бәйтерек-1» тұрғын ауданы, №31 көшесіне жол жөндеу жұмыстарын жүргізу;
   - Ғ.Мұратбаев №15а көпқабатты тұрғын үй аумағындағы балалар ойын алаңдарына кешкі жарық шамдарын, бейне бақылау орнату және қоқыс жәшіктеріне арналған арнайы орынның қоршауын жөндеу мәселесі.
   Депутаттар қабылдау барысындағы көтерілген мәселелердің шешілу бағытында өз тараптарынан жұмыс жасалатындығын жеткізді.
09 сентября 2026
Қызылорда қалалық мәслихатында жергілікті бюджет кірістері, өрт қауіпсіздігі, көппәтерлі тұрғын үй шаруашылығы және қала тазалығы мәселелері қаралды

Қызылорда қалалық мәслихатында жергілікті бюджет кірістері, өрт қауіпсіздігі, көппәтерлі тұрғын үй шаруашылығы және қала тазалығы мәселелері қаралды

   2026 жылдың 8 қыркүйек күні қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
   Бірлескен отырысқа мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті.
   Комиссия отырысына қала әкімінің орынбасары А.Нұрмағанбетов, қалалық кірістер басқармасының басшысы, Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, тиісті облыстық басқармалардың, департаменттердің жауапты мамандары, қалалық дербес бөлімдер мен тиісті мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ұйымдарының төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты.
   Комиссия отырысында жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы, салық базасын кеңейту бағытындағы жұмыстар, қала аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру және қала тазалығын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
   Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жергілікті бюджет кірістерінің орындалуы талқыланды. 2026 жылғы 1 қыркүйекке арналған жоспар бойынша жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдер көлемі 44 822,3 млн теңге болып белгіленген. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі нақты түсім
35 557,0 млн теңгені құрап, жоспардың орындалуы 79,3 пайызға жетті.
   Сонымен қатар, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салықтық түсімдер 15 074,1 млн теңгеге артып, түсім қарқыны 173,6 пайызды құрады. Бюджет кірістерін арттыру және салық базасын кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
   Комиссия отырысында Қызылорда қаласының төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге қойылған міндеттер баяндалды. 2026 жылдың алғашқы 6 айында қала аумағында 96 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен шамалас болғанымен, келтірілген материалдық шығын көлемі 19,5 млн теңгені құрады. Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізіліп, тексерілген нысандардан 1 173 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғаны анықталды. Өрт қауіпті кезеңде орман және дала алқаптарында алдын алу рейдтері тұрақты жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 2026 жылғы маусым айында Қарауылтөбе ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті ашылды. Алдағы уақытта тағы екі ауылдық округте осындай бекеттер ашу жоспарлануда.
   Қалалық мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі «Көпқабатты тұрғын үйлер аулалары мен қала көшелерінде қоқыс шығару, тазалау бағытындағы жұмыстардың жай-күйі туралы» және «Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және тұрғын үйлер шаруашылығын дамыту мәселелері туралы (ПИК жұмысы, тұрғындардың қатысуы)» мәселелері бойынша қалада санитарлық - тазалық жұмыстарын жүргізетін «Қызылорда тазалығы» МКК-ның материалды-техникалық базасымен танысып, содан кейін, «Мерей» мөлтек ауданының көпқабатты тұрғын үй тұрғындарымен кездесіп, көпқабатты тұрғын үйлерге (жылу, ауыз су, жарықтандыру, тазалық, аяқ су мәселелері) қатысты пәтер иелері кооперативтерінің жұмыстары бойынша пікірлесті.
   Сонымен қатар, О.Жандосов көшесіндегі екі көппәтерлі апаттық жағдайдағы үйлердің жәй-күйін көрді.
   Қала аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және «Қызылорда тазалығы» КМК-нің өзекті мәселелері, қызметі мен қаржылық-экономикалық жағдайы жан-жақты қаралды. Кәсіпорын бүгінгі таңда қала көшелерінің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару жұмыстарын атқарады. Қала аумағының кеңеюіне байланысты кәсіпорынның жұмыс көлемі айтарлықтай артқан. Бүгінде кәсіпорын теңгерімінде 209 техника бар. Соңғы жылдары техникалық парк жаңартылып, 2022-2024 жылдары 69 арнайы техника сатып алынса,
2026 жылы лизинг бағдарламасы арқылы 32 жаңа техника алу жоспарланған. Қазіргі уақытта оның 31-і жеткізіліп, жұмысқа қосылған. Жалпы кәсіпорын техника паркінің 47 пайызы жаңартылды. Қала тазалығын қамтамасыз ету бағытында күнделікті жүздеген көше қамтылып, көпқабатты тұрғын үйлердегі мыңдаған контейнерлер босатылады. Кәсіпорында кадрлық жүктеменің жоғары екені де атап өтілді. Қала аумағының кеңеюіне және қызмет көлемінің артуына байланысты қосымша жұмыс күшіне қажеттілік туындап отыр. Сонымен қатар кәсіпорын қызметін цифрландыру бағытында «WASTE MANAGEMENT» (қалдықтарды басқару) бағдарламасын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бағдарлама арқылы арнайы техникалардың қозғалысын GPS жүйесімен бақылау, маршруттардың орындалуын қадағалау және фото есеп жүргізу мүмкіндігі қарастырылған.
   Кәсіпорын тарапынан 2026 жылдың соңына дейін қаржылық тапшылықты азайту және санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізу үшін қосымша қаржы қажеттілігі ұсынылды. Сондай-ақ қоқыс алаңдарын жаңарту, сапалы еуроконтейнерлер орнату, арнайы техникалар санын толықтыру, автотехникалық инфрақұрылымды дамыту және жүргізушілер мен жұмысшыларға тәулік бойғы кезекшілік кезінде қажетті жағдай жасау мәселелері көтерілді.
   Сонымен қатар, комиссия отырысында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру қажеттігі айтылып, хабарлама жасалды. Бүгінде Қызылорда қаласында 1084 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның ішінде 713 тұрғын үйге 29 басқарушы ұйым қызмет көрсетеді. Бұл жалпы тұрғын үй қорының шамамен 66 пайызын құрайды. Ал 308 көппәтерлі тұрғын үй тұрғындардың тікелей бірлесіп басқаруында болса, 63 тұрғын үй апаттық жағдайда тұр. Басқарушы ұйымдардың негізгі міндеті тұрғын үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстау, инженерлік жүйелердің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету және ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.
   Қазіргі таңда шатырлардың, жертөлелердің, кіреберістердің, қасбеттердің, аула аумақтарының және ішкі инженерлік желілердің техникалық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Тікелей бірлесіп басқарылатын тұрғын үйлер бойынша тұрғындарға ортақ мүлікті күтіп-ұстау, жалпы жиналыстар өткізу және тұрғын үйді тиімді басқару мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы кезеңде басқарушы ұйымдардың қызмет сапасын арттыру, тұрғын үйлердің техникалық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу және тұрғындардың өз үйлерін басқаруға қатысты жауапкершілігін күшейту бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.
   Комиссияда қаралған мәселелерді талқылау барысында депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев: қалаға қарасты екі ауылдық округтерде жоспарланған өрт сөндіру бекеттерінің мерзімінде ашылуы бағытында жұмыс жасау, қала аумағындағы жарамсыз гидранттарды ауыстыру, бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер белгілері орналасқан аумақтардың ағаштарын бірінші кезекте балақтау, депутат Р.Ысқақова: «Қызылорда тазалығы» МКК-ның жұмысшыларын жұмыс орнына тасымалдайтын қосымша автобустармен қамтамасыз ету, депутат Н.Тұрғанбаев: «Қызылорда тазалығы» МКК-на теңгеріміндегі техникалардың қыс мезгілінде үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін жылы бокстар немесе ангарлар салу және жұмысшыларды талапқа сәйкестендірілген жатын орындарымен қамтамасыз ету, депутат А.Мұсабаева: көпқабатты тұрғын үйлер аулаларындағы тұрғындардың өміріне қауіп төндіріп тұрған көп жылғы ағаштарды кесу жұмыстарын ұйымдастыру, «Жаңа тұрғын үй» жобасы аясында Қызылорда қаласындағы ПИК төрағаларының біліктілігін арттыру, Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі ПИК-мен бірлесе көпқабатты тұрғын үйлердің бірінші қабатындағы кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жүргізуі, көпқабатты тұрғын үйлердің цифрлық төлқұжатын әзірлеу, депутат Т.Мақаш: қала аумағындағы жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарын қоғамдық даму бөлімі арқылы насихаттауды күшейту, Белкөл кенті аумағындағы ескі қоқыс полигонын жабу мәселесін шешу ұсынылды.
   Сонымен қатар, талқылау барысында бірқатар көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ұйымдарының төрағалары тарапынан берілген ұсыныстары да назарға алынды.
   Комиссия отырысында берілген ұсыныстар тұрақты комиссия қаулысына енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.
   Комиссия жұмысы «Youtube» (ютуб) арнасы арқылы тікелей эфирден көрсетілді.

04 сентября 2026
2026 жылдың 31- 4 қыркүйек аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Р.Ізтілеуов, М.Есжанов, И.Басықараев, Ғ.Байсеитов қабылдауларын өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына қатысты және басқа да мәселелер көтерілді.
   2026 жылдың 31- 4 қыркүйек аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Р.Ізтілеуов, М.Есжанов, И.Басықараев, Ғ.Байсеитов қабылдауларын өткізді.
   Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына қатысты және басқа да мәселелер көтерілді.
   - «Саяхат» тұрғын ауданы, Ә.Өтегенов көшесін, Жеңіс тұйығына дейін асфальттау;
   - М.Шоқай көшесінің, С.Бейбарыс көшесі мен А.Айдосов көшелері аралығына қоғамдық көлікке арналған аялдама орнату;
   - Ж.Маханбетов ауылдық округіндегі жайылымдық жер мәселесі;
   - «Шанхай» тұрғын ауданы, Қызылорда көшесі бойындағы өскен ағаштардың электр және телефон желілеріне тиіп қауіпті жағдай туындауына байланысты балақтау жұмыстарын жүргізу;
   - Шалқыма көшесінің, 8-наурыз көшесінен Б.Майлин көшесіне дейінгі аралығын асфальттау мәселесі.
Депутаттар қабылдау барысындағы көтерілген мәселелердің шешілу бағытында өз тараптарынан жұмыс жасалатындығын жеткізді.
31 августа 2026
1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
    Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
Білім – ел дамуының берік негізі, ал ұстаз – сол білімнің шамын жағып, жас ұрпақтың болашағына жол ашатын ардақты тұлға. Ұстаз еңбегі – үлкен жауапкершілікті, терең білім мен зор табандылықты талап ететін қастерлі мамандық.
   Бүгінде елімізде білім беру саласын дамытуға, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және балаларға сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасап, адами капиталды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жас ұрпақтың сапалы білім алып, заман талабына сай бәсекеге қабілетті азамат болып қалыптасуына мүмкіндік береді.
   Жаңа оқу жылы білім алушылар үшін жаңа жетістіктер мен жарқын бастамалардың жылы болсын! Ұстаздарға шығармашылық табыс, шәкірттерін биік белестерін көруді, ата-аналарға отбасылық амандық пен қуаныш тілеймін.
Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы жемісті әрі табысты болсын!
 
  Құрметпен,
  Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы
  Ибадулла Құттықожаев
28 августа 2026
«Мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект» тақырыбындағы семинар.

   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 12 наурызда өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III республикалық форумында берген тапсырмаларын іске асыру аясында Қызылорда қалалық мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалында «Мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект» тақырыбындағы семинарға қатысып, біліктіліктерін арттырды.

28 августа 2026
Қалалық мәслихаттың азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаты М.Бисенова қабылдауын өткізді.
    Қалалық мәслихаттың азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаты М.Бисенова қабылдауын өткізді. Қабылдауда болған Тәуке Хан көшесінің тұрғыны С.Исаева жұмысқа орналасу және әлеуметтік көмек көрсетуді сұрады.
Депутат қабылдау барысында көтерілген мәселелердің шешілу бағытында өз тарапынан тиісті жұмыс жасалатындығын жеткізді.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы