2021 жылғы 28 шілде Шешім №54-8/1 Қызылорда қаласы
Ескертпе: 2023 жылғы 16 қаңтардағы өзгерістермен
Қызылорда қалалық мәслихатының регламентін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Қызылорда қалалық
мәслихатының төрағасы
И. Құттықожаев
Қызылорда қалалық мәслихатының
2021 жылғы 28 шілдедегі
№54-8/1 шешімімен бекітілген
Қызылорда қалалық мәслихатының регламентi
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мәслихат сессияларын өткiзу тәртiбi
Егер мәслихаттың сессиясына мәслихат депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, оның құқықтық күші бар болады. Осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сессия мәслихаттың техникалық мүмкіндіктері ескеріліп, интернет-ресурстарда онлайн-трансляция ұйымдастырыла отырып жалпы отырыс нысанында өткiзiледi.
Сессияның жұмысында мәслихаттың шешiмi бойынша мәслихат белгiлеген, бiрақ күнтiзбелiк он бес күннен аспайтын мерзiмге үзiлiс жариялануы мүмкiн. Сессияның ұзақтығын мәслихат айқындайды.
Мәслихаттың әрбiр отырысының алдында қатысып отырған депутаттарды тiркеу жүргiзiледi, оның нәтижесiн мәслихат төрағасы отырыс басталардан бұрын жария етедi.
Мәслихаттың сессиясы, әдетте, ашық сипатта болады. Егер бұған қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, мәслихат төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бiрінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімі бойынша жабық сессияларды өткізуге жол берiледi.
Төтенше жағдай режимі жарияланған кезде немесе төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою кезінде, шектеу шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде сессия бейне-конференц байланыс немесе өзге де байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Дауыс беру:
Дауыс беру өткізу үшін депутаттардың қажетті саны болмаған кезде мәслихат төрағасы не оны алмастыратын адам кворум қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Кворумды қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде төрағалық етуші дауыс беруді мәслихаттың келесі отырысына ауыстырады.
Өткізілген дауыс беру рәсімі мен техникасында қателер анықталған жағдайда, мәслихаттың шешімі бойынша қайта дауыс беру өткізіледі.
Барлық мәселелер бойынша дауыс беру нәтижелерін мәслихат төрағасы немесе оны алмастыратын адам дауыс беруге қатысқандардың «жақтап», «қарсы» дауыс бергендердің, қалыс қалғандардың санын және дауыс қорытындысын көрсете отырып жария етеді. Деректер мәслихат отырысының хаттамасына енгізіледі.
Мәслихаттың бұрын қабылданған шешімдерінің күшін жою, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу олар қабылданған кездегідей дауыс беру арқылы жүргізіледі.
Кезекті сессиялардың өткізілуін мәслихат сессияда жоспарлайды.
Мәслихат сессияларының реттілігі араб сандарымен «І»-ден бастап нөмірленеді және жаңа шақырылымда сессияларды нөмірлеу қайта басталады.
Кезектен тыс сессия оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрiлмей кезектен тыс сессия шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негiз болған мәселелер ғана қаралады.
Ақпарат қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында сессияға дейін кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда – кемінде үш күн бұрын орналастырылуға тиіс.
Мәслихат төрағасы сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және қала әкiміне сессияға дейін кемiнде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн бұрын қағаз немесе электрондық түрде ұсынады.
Сессияның күн тәртiбiне ұсыныстарды мәслихат төрағасына жергiлiктi қоғамдастықтың жиналыстары, қоғамдық бірлестіктер ұсына алады.
Сессияның күн тәртiбiн талқылау барысында ол толықтырылуы және өзгертiлуi мүмкiн. Мәслихат сессияның күн тәртiбiн бекiту туралы шешiм қабылдайды.
Күн тәртiбi бойынша дауыс беру әрбiр мәселе бойынша жеке өткiзiледi. Егер мәселеге мәслихат депутаттарының көпшiлiгi дауыс берсе, ол күн тәртiбiне енгiзiлдi деп есептеледi.
Шақырылған адам тәртiптi өрескел бұзған жағдайда, мәслихат төрағасының шешiмi немесе сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшiлiгiнiң талабы бойынша отырыс залынан шығарылуы мүмкiн.
Мәслихат төрағасы өз бастамасы немесе депутаттардың уәжді ұсынысы бойынша үзiлiстер жариялай алады. Жалпы отырыстың соңында депутаттарға қысқа мәлiмдемелер мен хабарламалар жасау үшiн уақыт берiледi, олар бойынша жарыссөз ашылмайды.
Мәслихат депутаты бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Депутаттық сауалдар, сұрақтарға түсініктер мен жауап беру үшін сөйлеу жарыссөздерде сөз сөйлеу деп есептелмейді. Сөйлеу құқығын басқа депутатқа беруге жол берілмейді.
Жарыссөздер сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің ашық дауыс беруімен тоқтатылады. Жарыссөзді тоқтату туралы мәселе қойылған кезде, мәслихат төрағасы сөз сөйлеуге жазылған және сөйлеген депутаттардың саны туралы хабарлайды, кімнің сөз беруді талап ететіндігін анықтайды.
Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде берiледi. Жазбаша сұрақтар мәслихат төрағасына берiледi және мәслихат отырысында жария етiледi.
3-тарау. Мәслихат актiлерiн қабылдау тәртiбi
Мәслихаттың төрағасы қарауға қабылданған шешiмдердiң жобаларын барлық қажеттi материалдарымен қоса қарау және ұсыныстар дайындау үшiн тұрақты комиссияларға жолдайды. Тұрақты комиссиялардың біріне мәслихат актісінің жобасы бойынша қорытынды, сессияға қосымша баяндама дайындау, қосымша ақпарат жинау мен талдауды жүргізу тапсырылуы мүмкін.
Тиісті аумақтың бюджеті туралы шешімнің жобасын дайындау осы Регламенттің 29-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Шешiмдердiң жобаларымен жұмыс iстеу және басқа да мәселелердi дайындау үшiн тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады. Қажет болған жағдайда жұмыс тобының құрамына басқа тұрақты комиссиялардың депутаттары тартылуы мүмкiн. Жұмыс тобының жұмысына кез келген депутат қатыса алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, қалалық атқарушы органның ұсынуы бойынша мәслихат онымен бiрлескен шешiм қабылдайды.
Шешімбердің жобаларына жауапты комиссияның (жұмыс тобының) немесе депутаттық фракцияның баяндамасында шешімдердің жобаларына енгiзiлген және қабылданбаған ұсыныстар көрсетiледi, түзетулердi қабылдаудың немесе қайтарудың себептерi дәлелденедi.
Шешімдердің жобалары бойынша қосымша баяндаманың ережелерiмен немесе қорытындылармен келiспейтiн тұрақты комиссиялар, комиссиялардың және жұмыс топтарының жекелеген мүшелерi өз пiкiрлерiн қаралатын мәселе бойынша жалпы жарыссөздер басталғанға дейiн баяндай алады.
Рәсімдік мәселелер бойынша мәслихаттың шешімдері жеке шешім қабылдамай, отырысқа қатысып отырған депутаттардың көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы хаттамамен қабылданады және отырыс хаттамасында тіркеледі.
Мына: отырысты жүргізу тәртібі, мәселелерді талқылау кезектілігі, жарыссөздерді тоқтату, сөз сөйлеу уақытын шектеу немесе ұзарту, дауыс беру тәсілдері, кворумды куәландыру және дауыстарды қайта санау, қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған шешімдерге және (немесе) қайта дауыс беруге оралу туралы мәселелер рәсімдік болып табылады.
Шешiмдердiң енгiзiлген барлық жобалары дауысқа қойылады. Жобалардың бiрi негiзге алынғаннан кейiн депутаттар оған түзетулер қабылдау рәсiмiне кiрiседi.
1) мәслихат шешiмiнiң ұсынылған (пысықталған) жобасы негiзге алынады, ол керi қайтарылған жағдайда, түзетулер бойынша одан әрi дауыс беру тоқтатылады;
2) негiзге алынған жобаға енгізілмеген түзетулер кезпен дауысқа қойылады;
3) сессия шешiмi қабылданған түзетулер ескеріліп, тұтастай дауысқа салынады. Шешiмдердiң қабылданбаған жобалары және оларға түзетулер бойынша ағымдағы сессияда қайта дауыс беруге жол берiлмейдi.
Мәслихат шешiмдерiне өзгерiстер оларды қабылдау үшiн белгiленген тәртiппен енгiзiледi.
Сессиялардың хаттамалары сессиядан кейiн бiр айдан кешiктiрiлмей басылып, заңнамада белгiленген тәртiппен сақталады.
Жергілікті өкілді органның жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін шешімдердің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана мәслихаттың қарауына енгізілуі мүмкін.
Мәслихат төрағасы бюджет жобасы келіп түскеннен бастап екі жұмыс күні ішінде тиісті комиссиялардың атына бюджет жобасы бойынша қорытынды дайындауға қажетті мерзімдерді көрсетіп, тапсырма береді.
Тұрақты комиссиялар мәслихаттың уақытша комиссиясының пiкiрiн ескере отырып, тиiстi аумақ бюджетінің жобасы бойынша тиісті негiздемелері, есеп-қисаптары бар ұсыныстарбы жинақтау мен қорытынды дайындауды жүзеге асыратын бейiндi тұрақты комиссияға жiбередi.
Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган сессия басталғанға дейін кемiнде екi апта бұрын бюджет туралы шешiм жобасының түпкiлiктi нұсқасын барлық қажеттi материалдармен қоса мәслихаттың төрағасына ұсынады.
Облыстық мәслихаттың облыстық бюджетті бекіту туралы шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзiмнен кешiктiрмей, қалалық мәслихат қалалық бюджетті бекiтедi. Қалалық мәслихаттың қалалық бюджетті бекіту туралы шешіміне қол қойылған күннен бастап қалалық мәслихат қаржы жылының соңына дейін кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін бекітеді. Кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін қалалық мәслихаттың жеке шешімдерімен бекітуге жол беріледі.
4-тарау. Есептердi тыңдау тәртiбi
Мәслихат төрағасының не оны алмастыратын адамның сөзінен кейін сөз тиісті аумақтың әкіміне беріледі.
Әкімнің баяндамасында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірлерді дамыту бағдарламаларының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындау бөлігінде жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Есеп беруден кейін депутаттар сұрақтар қоюға және оларға жауаптар алуға, өз пікірін айтуға құқылы.
Әкiмінiң (оның мiндетiн атқарушы адамның) өзiне жүктелген функциялар мен мiндеттердiң орындауы туралы есебi және ол бойынша шешiмнiң жобасы тиiстi сессиядан үш апта бұрын мәслихаттың қарауына енгiзiледi.
1) Әкiмінiң (оның мiндетiн атқарушы адамның) есебін бекіту туралы;
2) есепті қабылдамау және оны қайта тыңдау қажеттігі туралы мәселені дауысқа қояды.
Әкiмінiң (оның мiндетiн атқарушы адамның) есебін қайта тыңдау есеп қабылданбаған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
Әкiмінiң (оның мiндетiн атқарушы адамның) пысықталған есебі ол қабылданбаған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей мәслихатқа енгізіледі.
1) жоспарлардың, аумақты экономикалық және әлеуметтік дамыту бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы әкім ұсынған есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысының қала, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастама жасауы мәслихаттың білдіру туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.
Қала, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастама жасау Заңның 39-3-бабына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен расталады.
Мәслихат төрағасы жылына кемiнде бiр реттен сиретпей мәслихаттың кезектi сессияларында мәслихаттың қызметiн ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттардың сауалдары мен депутаттық жолданымдардың қаралу барысы, сайлаушылардың жолданымдарды және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметi туралы есеп бередi.
Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының төрағалары жылына кемiнде бiр реттен сиретпей мәслихаттың кезектi сессияларында жүктелген функциялар мен өкiлеттiктердiң орындалуы туралы есеп бередi.
Тұрғындар алдында мәслихат төрағасын не оны алмастыратын адамды, не тұрақты комиссияның төрағасын тыңдау тиісті аумақ әкімінің күн тәртібі бойынша қысқаша кіріспе сөзімен басталады.
Тиісті аумақтың әкімінен кейін сөз мәслихат төрағасына, не оны алмастыратын адамға, не тұрақты комиссияның төрағасына беріледі.
Есеп беруден кейін тұрғындар сұрақтар қоюға және оларға жауап алуға, өз пікірін айтуға құқылы, олар хаттамаға енгізіледі.
Есеп беру кездесулерінің хаттамаларын мәслихат аппаратының басшысы дайындайды және оған мәслихат төрағасы не оны алмастыратын адам, не тұрақты комиссияның төрағасы қол қояды.
5-тарау. Депутаттық сауалдарды қарау тәртiбi
Депутаттың депутаттық сауалға берiлген жауап бойынша өз пiкiрiн бiлдiруіне мүмкіндік беріледі. Прокурорға жолданған депутаттық сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиiс.
6-тарау. Мәслихаттың лауазымды адамдары, тұрақты комиссиялары
және өзге де органдары, мәслихаттың депутаттық бiрлестiктерi
6.1. Мәслихат төрағасы
Ұсынылатын кандидатуралардың санына шек қойылмайды. Кандидаттар өздерiнiң алдағы қызметiнiң үлгi бағдарламаларымен таныстырады. Егер ашық немесе жасырын дауыс беру нәтижесiнде мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусын алса, кандидат мәслихаттың төрағасы лауазымына сайланды деп есептеледi.
Егер мәслихат төрағасының лауазымына екiден көп кандидат ұсынылған болса және олардың бiрде-бiрi сайлану үшiн талап етiлетiн дауыс санын жинай алмаса, неғұрлым көп дауыс алған екi кандидатура бойынша қайтадан дауыс беру жүргiзiледi.
Егер қайтадан дауыс беру кезiнде осы кандидаттардың бiрде-бiрi депутаттардың жалпы санының жартысынан көбінің даусын жинай алмаса, қайтадан сайлау өткiзiледi.
Мәслихат төрағасы мәслихат өкiлеттiгiнiң мерзiмiне сайланады.
Мәслихат төрағасы өкiлеттiктерiн Заңға және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
6.2. Мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссиялары
Әрбір тұрақты комиссиялардың тiзбесi, саны және құрамы дауысқа жеке-жеке қойылады. Олардың сандық және дербес құрамы мәслихат төрағасының ұсынысы бойынша мәслихат айқындайды.
Тұрақты комиссиялардың саны жетiден аспауға тиiс.
Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады.
Жария тыңдаулар тұрақты комиссиялардың қарауына жатқызылған өте маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелердi талқылау мақсатында, осы комиссиялардың депутаттар, атқарушы органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерi, азаматтар қатысатын кеңейтiлген отырыстары нысанында өткiзiледi.
Жария тыңдаулар өткiзу үшiн депутаттар қатарынан жұмыс тобы құрылады. Тыңдауларды дайындау үшiн өзге мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мамандары жұмылдырылуы мүмкiн.
Тұрақты комиссия жария тыңдаулар өткізілерден бір ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдағы жария тыңдаулардың тақырыбын, өткізілетін күні мен уақытын халықтың назарына жеткiзедi.
Тұрақты комиссия жария тыңдауларға мүдделi мемлекеттiк органдардың, жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн шақырады. Жария тыңдауларға мәслихаттың басқа тұрақты комиссиялардан мәслихат депутаттары қатыса алады.
Жария тыңдауларда тұрақты комиссияның депутаты сөйлегеннен кейін сұрақтарға жауап беруге уақыт бөлінеді.
Сөз сөйлеу қорытындылары бойынша комиссия депутатының баяндамасына келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер жария тыңдаулар хаттамасына енгізіледі.
Жария тыңдаулардың хаттамасын мәслихат аппаратының қызметкері дайындайды және оған жария тыңдауларда төрағалық еткен депутат қол қояды.
Тұрақты комиссиялардың отырыстары қажеттiлiгiне қарай шақырылады және мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, құқықтық күші бар деп есептеледi.
Тұрақты комиссияның қаулысы комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы, ал бiрнеше тұрақты комиссияның бiрлескен отырысы өткiзiлген жағдайда, тиiстi комиссиялардың төрағалары қол қояды.
6.3. Мәслихаттың тұрақты комиссисының төрағасы
Егер мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы лауазымына екеуден көп кандидатура ұсынылса және олардың бірде-бірі сайлану үшін талап етілетін дауыс санын жинай алмаса, неғұрлым көп дауыс жинаған екі кандидатура бойынша қайтадан дауыс беру өткізіледі.
Егер қайтадан дауыс беру кезінде осы кандидаттардың бірде-бірі депутаттардың жалпы санының жартысынан көбінің даусын жинай алмаса, қайтадан сайлау өткізіледі.
Егер комиссияның отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
6.4. Мәслихаттың есеп комиссиясы
Мәслихат есеп комиссиясының тақ саннан тұратын құрамын ашық дауыс беру арқылы депутаттар қатарынан сайлайды.
Мәслихат осы комиссияның құрамына мәслихат аппаратының, мемлекеттік органдардың және басқа да ұымдардың жұмыскерлерін қосуға құқылы.
Есеп комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды, оның шешімдері ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
Ашық дауыс беру басталар алдында мәслихат төрағасы дауысқа қойылатын ұсыныстардың санын көрсетеді, олардың мазмұнын оқып береді.
Жасырын дауыс берудің уақыты мен орнын, оны өткізу тәртібін есеп комиссиясы белгілейді және оны есеп комиссиясының төрағасы хабарлайды.
Бюллетеньдерді беру тiкелей дауыс беру алдында жүргiзiледi, олар есеп комиссиясының бақылауымен, ол белгiлеген нысанда бойынша отырысқа қатысып отырған депутаттардың санына тең мөлшерде жасалады және оларға есеп комиссиясының төрағасы қол қояды.
Әрбір депутатқа есеп комиссиясының төрағасы қол қойған бір бюллетень беріледі. Бюллетеньдердің жалпы саны мәслихат депутаттарының тізімдік құрамының санынан аспауға тиіс.
Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер мәслихат депутаттарына олар депутат куәләгән көрсеткен кезде беріледі.
Белгiленбеген нысандағы бюллетеньдер есептеу кезінде есепке алынбайды.
Белгiленбеген нысандағы бюллетеньдер, ал лауазымды адамдарды сайлау кезінде бір лауазымға біреуден артық кандидатура белгіленген бюллетеньдер де жарамсыз деп есептеледі. Дауыстарды санау кезінде бюллетеньде қосымша жазылған тектер есепке алынбайды. Біреуден артық шешім жобасы белгіленген бюллетеньдер жарамсыз деп есептеледі.
Толтырылмаған бюллетеньдер және барлық кандидаттардың тектері белгіленбеген бюллетеньдер жарамды деп танылады, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайды.
Есеп комиссиясы дауыс беру аяқталған соң дауыс беруге арналған жәшікті ашуға тиіс. Дауыс беру аяқталғанша жәшікті ашуға тыйым салынады.
Есеп комиссиясы жасырын дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған есеп комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.
Өткізілген дауыс беру рәсімі мен техникасында қателер анықталған жағдайда, мәслихаттың шешімі бойынша қайтадан дауыс беру өткізіледі.
Дауыс беру кезінде болмаған мәслихат депутаты кейіннен дауыс беруге құқылы емес.
6.5. Мәслихаттардағы депутаттық бiрлестiктер
1) мәслихаттың күн тәртiбi, талқыланатын мәселелердi қарау тәртiбi және олардың мәнi бойынша ескертулер мен ұсыныстар енгiзе алады;
2) мәслихат сайлайтын немесе тағайындайтын лауазымды адамдардың кандидатуралары бойынша пiкiрлерiн айта алады;
3) мәслихат шешiмдерiнiң жобаларына түзетулер ұсына алады;
4) депутаттық бiрлестiктiң қызметiе қажеттi материалдар мен құжаттарды сұрата алады.
7-тарау. Депутаттық әдеп қағидалары
1) бiр-бiрiне және Мәслихат сессияларының, мәслихат комиссиялары мен оның жұмыс органдарының жұмысына қатысатын барлық басқа да адамдарға құрметпен қарауға тиiс;
2) өздерi сөз сөйлегенде мәслихат депутаттарының және басқа адамдардың ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтiретiн негізсіз айыптауларды, дөрекi, қорлайтын сөздердi қолданбауға тиiс;
3) заңсыз және зорлық-зомбылық әрекеттерге шақырмауға тиiс;
4) мәслихаттың, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының қалыпты жұмысына кедергi келтiрмеуге тиiс;
5) сөйлеушiлердiң сөзiн бөлмеуге тиiс.
8-тарау. Мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру
9-тарау. Мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастыру
Мәслихат аппараты жергiлiктi бюджеттің қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.
Мәслихат аппараты туралы ереженi мәслихат бекiтедi.
Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанда, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.