Меню

Страницы

Статья

Аппарат

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы

8-бап. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру 

  1. Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

      1-1. Мәслихаттар жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді. Мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халық алдында жауапты болады.

  1. Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.

      Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.

  1. Мәслихат:

      1) мәслихат төрағасын сайлайды және лауазымынан босатады және оның есептерiн тыңдайды;

      2) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың жұмысы туралы есептi тыңдайды;

      3) мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген адам саны мен қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi және оны ұстауға әрi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң штат саны лимитi тиiстi мәслихат депутаттарының саны негiзге алынып, бес депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ бес адамнан кем емес болып белгiленедi;

      5) мәслихаттың регламентiн бекiтедi;

      6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешiмдер қабылдайды;

       7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдайды.

Дата публикации
30 ноября 2022
Дата обновления
30 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 мая 2025
Қызылорда қоғамдық кеңесі комиссия бөлінісі
26 декабря 2024
Экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы
26 декабря 2024
Коммуналдық-шаруашылық, қала инфрақұрылымы, ауылшаруашылығы, жер және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы