Ескертпе

Ескертпе: 2026 жылғы 25 қыркүйектегі өзгерістермен


Қызылорда қалалық мәслихатының
2020 жылғы 23 қазандағы
№390-68/12 шешімімен бекітілген


«Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Қызылорда қалалық мәслихатының (бұдан әрі – мәслихат) және оның органдарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мәслихат аппараты заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі, мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Мәслихат аппараты өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәслихат төрағасының өкімдерімен және мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен рәсімделетін актілер шығарады.
7. Мәслихат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мәслихат аппаратының құрылымын бекітеді, оны ұстауға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды.
8. Мәслихат аппаратының толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – коммунальное государственное учреждение «Аппарат Кызылординского городского маслихата».
9. Мәслихат аппаратының заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 120014 индексі, Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі, 16-ғимарат.
10. Мәслихат аппаратының жұмыс режимі:
1) мәслихат аппараты бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейді;
2) мәслихат аппаратының жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін;
3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мереке күндері мәслихат аппараты жұмыс істемейді.
11. Мәслихат аппараты туралы Ереже мәслихаттың сессиясында бекітіледі және оның құрылтай құжаты болып табылады.
12. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

13. Мақсаттары:
Мәслихаттың және оның органдарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдем көрсету.
14. Өкілеттіктері:
14.1. Құқықтары:
1) өз құзыреті шегінде мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;
2) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және өзге де ұйымдардан мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
3) мәслихаттың, оның тұрақты және уақытша комиссияларының және өзге де органдарының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметкерлерін және тиісті мамандарды тартуға;
4) мәслихат депутаттарының сауалдары, ұсыныстары және өзге де өтініштері бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға;
5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарттар жасасуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
14.2 Міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде мәслихаттың және оның органдарының қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын іске асыруды қамтамасыз етуге;
2) мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын және мәслихат өткізетін өзге де іс-шараларды ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз етуге;
3) мәслихаттың шешімдері мен өзге де актілерінің орындалуын ұйымдастыруға, олардың орындалуына мониторинг жүргізуге және тиісті ақпарат дайындауға;
4) мәслихат депутаттарының сауалдарын, ұсыныстары мен ескертулерін дайындауға қатысуға және олардың қаралуын ұйымдастыруға;
5) мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметі бойынша ақпараттық-талдамалық және анықтамалық материалдар дайындауға;
6) қызметтік құжаттардың, хаттар мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;
7) мәслихаттың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын іске асыруға жәрдемдесуге;
8) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттарының, аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлауға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына және мәслихат регламентіне сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
15. Функциялары:
1) мәслихаттың және оның органдарының жұмысын жоспарлауды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
2) мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
3) мәслихат сессияларын, оның тұрақты және уақытша комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын дайындауды және өткізуді ұйымдастыру;
4) мәслихаттың құқықтық актілерін әзірлеу, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу және жариялау;
5) мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құқықтық және ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету;
6) мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы ақпараттың мәслихаттың ресми интернет-ресурсында уақтылы жариялануын қамтамасыз ету;
7) мәслихат аппаратында ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету;
8) мәслихаттың мүдделерін сот органдарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғауды қамтамасыз ету;
9) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарау;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мәслихат төрағасының, мәслихат аппараты басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

16. Мәслихаттың төрағасы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың төрағасы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.
17. Мәслихат төрағасының өкілеттіктері:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
4) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
6) мәслихат аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
7) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
8) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
9) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
10) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
11) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
12) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
13) Қазақстан Республикасының заңнамаларында, мәслихат регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
18. Мәслихат төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уақытша жүзеге асырады.
19. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктері:
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді бақылайды және аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына, оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап береді;
3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратында еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерді және еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, үстемеақылар белгілеу, мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілердің және еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі құқықтық актілерді дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. Мәслихаттың өкілеттік мерзімі аяқталған, оның өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған және депутаттардың жаңа құрамы сайланған жағдайларда мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қызметі тоқтатылмайды.
21. Мәслихат аппараты мен оның қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес реттеледі.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

22. Мәслихат аппаратының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
08 октября 2026