Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Басықараев Ибраким Асхарұлы
Депутат
Общая информация, образование

Басықараев Ибраким Асхарұлы 22 қаңтар 1961 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген.

Білімі - жоғары. 1984 жылы Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын «темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген.

Карьера

Еңбек жолын ПМК-1609 мекемесінде тас қалаушы болып бастаған.

1984 жылы тамыз айында Шиелі жол дистанциясында жол жөндеуші болып жұмыс атқарған. 1985-1997 жылдар аралығында Қызылорда жол дистанциясында күрделі жөндеу жұмысы  жөніндегі шебер, өндірістік оқыту жөніндегі шебер, жол шебері, өндірістік-техникалық бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

1997 жылдың мамырынан бастап Қызылорда жол дистанциясының бас инженері.

2000 - 2011 жылдары Қызылорда жол бөлімшесінің бас инженері болып қызмет атқарған.

2002 - 2009 жылдар аралығында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директорының орынбасары қызметін атқарған.

2009-2024  жылдары аралығы «Қазақстан темір жолы» ҰҚ «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалының  директоры қызметін атқарды.

Еңбек өтілі 45 жыл, салада 40 жыл.

VIII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.

        Коммуналдық-шаруашылық, қала инфрақұрылымы, ауылшаруашылығы, жер және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

«Amanat» партиясының мүшесі.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы