«Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша 2024 жылғы есеп

 

1 қосымша

 

Мемлекеттік органдардың
жеке және заңды тұлғалармен
өзара іс-қимылын операциялық
бағалау әдістемесіне
9-қосымша

 

Нысан

     

 

«Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша есеп

_________________________________________________________________________________

(басқарманың/әкімдіктің атауы)

 

2024 жыл (есепті кезең)

 

3-кесте. «Ашық бюджет» өлшемі бойынша жергілікті атқарушы органдардың есептік деректері («Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ, қалалар/аудандар әкімдіктері, облыс әкімдігі басқармалары кестені толтырады)

 

№ р/с

Индикатордың атауы

Есептік деректер

1

Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті оны қоғамдық кеңестің отырысына ұсынғанға дейін (бар болса), бірақ есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей орналастыру

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есепті кезеңнің алдындағы кезеңде орналастырылған құжаттарға сілтемелер тізімін, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің отырысына шығарылған күнін ұсынады (бар болса).

2

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарынан оларды алғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты орналастыру

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есепті кезеңде орналастырылған құжатқа сілтеме, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарынан нәтижелерді алу күні көрсетілген құжатты ұсынады.

3

Азаматтық бюджетті орналастыру

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есепті кезеңде орналастырылған құжаттарға сілтемелер тізімін береді.

4

Бюджеттік бағдарламалар жобаларын орналастырудың уақтылығы/ Бюджеттік бағдарламалар жобаларын орналастырудың дұрыстығы және толықтығы

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есепті кезеңде орналастырылған құжаттарға сілтемелер тізімін береді.

5

Пайдаланушылардың ұсыныстары мен түсініктемелерін мониторингілеу және қарау

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есепті кезеңде пайдаланушылардың түсініктемелері мен ұсыныстары келіп түскен бюджеттік бағдарламалардың жобаларына және бюджеттік тағдарламалардың орындалуы туралы есепке сілтемелер тізімін ұсынады.

6

Бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылауларды өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларды, баспасөз релиздерін интернет-ресурстарда жариялау

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган интернет-ресурстардағы жарияланымдарға сілтемелер тізімін ұсынады.

 

 4-кесте. «Ашық нормативтік құқықтық актілер» өлшемі бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың есептік деректері («Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ, қалалар/аудандар әкімдіктері, облыс әкімдігі басқармалары, Қостанай облысы мәслихаты, қалалар/аудандар мәслихаттары кестені толтырады)

 

№

р/с

Индикатордың атауы

Есептік деректер

1

Заң жобаларының тұжырымдамаларын орналастыру

Осы бөлімде бағаланатын орталық мемлекеттік орган орналастырылған құжаттарға сілтемелер тізімін ұсынады.

2

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) орналастыру

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган орналастырылған құжаттарға сілтемелер тізімін ұсынады.

3

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына және реттеушілік әсерді талдаудың қорытындыларына пайдаланушылардың ұсыныстары мен түсініктемелерін мониторингілеу және қарау

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган пайдаланушылардың түсініктемелері мен ұсыныстары келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің, заң жобалары тұжырымдамаларының, реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарының жобаларына және реттеушілік әсерді талдауға сілтемелердің тізімін ұсынады.

4

Интернет-ресурстарда нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жария талқылауларды өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларды, баспасөз релиздерін жариялау

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган Интернет-ресурстардағы жарияланымдарға сілтемелер тізімін ұсынады.

5

Есепті кезеңде бекітілген заң жобасын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларын іске асыру (іс-шаралардың жариялылық дәрежесі бойынша)

Осы бөлімде бағаланатын орталық мемлекеттік орган іс-шараны мынадай санаттардың біріне жатқыза отырып және растайтын құжаттарды (сілтемелер, хаттар және т.б.) қоса бере отырып, ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының әрбір тармағының орындалуы туралы ақпарат ұсынады:

- іс-шараны бөгде тұлғалардың қатысуынсыз іске асыру;

- іс-шараны анонстаумен және онлайн-трансляциямен іске асыру;

- іс-шараны мүдделі тұлғалар мен ұйымдарды шақыруымен, анонстаумен, онлайн-трансляциямен іске асыру;

- іс-шараны анонстаумен, онлайн-трансляциямен, журналистерді шақырумен және тікелей эфирде сұрақ қою мүмкіндігімен жүзеге асыру.

 

 5-кесте. «Ашық диалог» өлшемі бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың есептік деректері («Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы»  ММ (жер комиссиясы отырыстарының аудио-, бейнежазбасы онлайн трансляция режимінде), қалалар/аудандар әкімдіктері Қостанай облысы мәслихаты, қалалар/аудандар мәслихаттары кестені толтырады)

 

№ р/с

Индикатордың атауы

Есептік деректер

1

Интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізу

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган қатысушылар санын көрсете отырып, өткізілген сауалнамалар мен интернет-конференцияларға сілтемелердің тізімін ұсынады.

2

Ашық отырыстарды (алқаларды) онлайн трансляциялау режимінде өткізу

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган онлайн-трансляция режимінде (ресми интернет-ресурста және (немесе) әлеуметтік желілерде) өткізілген ашық отырыстардың жазбаларына, сондай-ақ әлеуметтік желілерде және (немесе) интернет-ресурстарда орналастырылған онлайн-режимде олардың өткізілетіні туралы халықты хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларға, баспасөз релиздеріне сілтемелер тізімін ұсынады.

3

Бірінші басшылардың блогтарды жүргізуі (жазбалардың болуы)

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есептік кезеңде орналастырылған жазбаларға сілтемелер тізімін ұсынады.

4

Халықпен кездесулер

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган мынадай ақпаратты береді:

 1) «Кездесулердің жылдық кестесін / күнтізбесін сақтау» параметрі бойынша – ресми сайтта немесе әлеуметтік желілердегі аккаунтта орналастырылған кездесулердің анонстарына сілтемелерді қоса бере отырып, кездесулерді өткізу күні мен уақыты;

2) «Проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын және проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпаратты сайтта орналастыру» параметрі бойынша – проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі орналастырылған іс-қимыл жоспарларына сілтемелер және ресми сайтта әрбір кездесу (бекітілген кестеге сәйкес өткізілген) бойынша проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпарат;

3) «Азаматтарды жеке қабылдауды жүргізу» параметрі бойынша – қабылданған азаматтардың саны, сондай-ақ әрбір өткізілген кездесу бойынша жеке және жүйелік рейтингісі бар проблемалық мәселелер;

4) «КЕҰ-мен кездесу өткізу» параметрі бойынша – қатысушылар саны, КЕҰ тізбесі және әрбір ҮЕҰ-ға байланыстыра отырып көтерілген мәселелердің тізімі.

 

 5-1-кесте. «БАҚ арқылы ашықтық» өлшемі бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың есептік деректері («Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ, қалалар/аудандар әкімдіктері, облыс әкімдігі басқармалары кестені толтырады)

 

№ р/с

Индикатордың атауы

Есептік деректер

1

Мемлекеттік орган іске асыратын ақпараттық саясаттың жариялылығы

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган мыналарды ұсынады:

- есептік кезеңде жариялылық дәрежесі жоғары өткізілген іс-шаралар (анонстаумен, онлайн-трансляция жүргізумен, журналисттердің шақырылуымен және мүдделі тұлғалар мен журналисттердің тікелей эфирде сұрақ қою мүмкіндігімен) тізімін (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі пресс-анонстарға / пресс-релиздерге / онлайн-трансляциялардың жазбаларына сілтемелерді, БАҚ-тың атына жолданған хаттарды (таратуды) және өзге де растайтын құжаттарды қоса бере отырып);

- іске асырылатын ақпараттық саясат шеңберінде өткізілген іс-шаралардың жалпы саны.

2

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдер мен талаптарға сәйкес жауап алған БАҚ-тың сұрау салуларының үлесі

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган растайтын материалдарды қоса бере отырып, есепті кезеңде келіп түскен БАҚ-тың сұрау салуларының тізімін (сұрау салудың тіркеу кіріс нөмірі мен күнін және жауаптың тіркеу шығыс нөмірі мен күнін көрсете отырып) ұсынады.

 

 

 

Дата публикации
21 мая 2025