Қостанай облысы Науырзым аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Қостанай облысы Науырзым аудандық мәслихатының

сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыру туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң)                     10-бабына сәйкес Қостанай облысы Науырзым ауданының мәслихаты аумақтық және 15 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыратынын хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиясы жеті мүшеден құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскедегі сайлаушылар санына байланысты ауданның аумақтық сайлау комиссиясы анықтайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің  және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 11 қарашадан 8 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы аудандық мәслихатқа белгіленген нысан бойынша жіберілген  өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген,аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты  болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттар қағаз форматта болуы тиіс, қол қойылуы, мөрмен расталуы және орындалу күні, орындаушы туралы белгі қойылуы тиіс, аты-жөні мен оның телефонының нөмірі.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстар қабылдау 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін дүйсенбіден жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін.

Науырзым аудандық мәслихаты

 

Әбенова Гүлсім Есенғалиқызы – Науырзым аудандық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Науырзым ауданы, Қарамеңді  ауылы, Шақшақ Жәнібек көшесі,1

Жауапты тұлға – Ташмағамбетова Зәуре Жұмабекқызы, каб. № 200, қалааралық телефон коды (8714-54), 21-201(факс), 8-777-694-99-56,                   8-777-653-53-11,  эл/адрес: naurzum_maslihat@mail.kz.

 

Аудандық мәслихат аудандық сайлау комиссиясының және 15 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды: 

 

  1. Аумақтық сайлау комисиясы

№

 

Комиссия атауы

Объектінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

Сайлау комиссиясының мекенжайы

Комиссия мүшелерінің саны

Елді мекен

Көше

Үй

1

2

3

4

5

6

7

1

Науырзым аудандық сайлау комиссиясы

Науырзым аудан әкімдігінің ғимараты

Қарамеңді

Шақшақ Жәнібек

1

7

 

  1. Учаскелік сайлау комиссиялары

№

 

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

Сайлау учаскесінің мекенжайы

Сайлаушылар саны

Комиссия мүшелерінің саны

Елді мекен

Көше

Үй

1

2

3

4

5

6

7

8

1

648

Мектеп ғимараты

Өлеңді

Атамекен

8

225

5

2

649

Мектеп ғимараты

Шилі

Ленин

7

244

5

3

650

Мектеп ғимараты

Шолақсай

Целинный

2

509

5

4

653

Мектеп ғимараты

Қарамеңді

Байтурсынов

3

512

5

5

654

«Арман» мәдени-демалу орталығының ғимараты

Қарамеңді

Шаяхметов

8

460

5

6

655

Ауыл округі әкімінің ғимараты

Қарамеңді

Победа

5

423

5

7

656

Мектеп ғимараты

Қарамеңді

Байтұрсынов

1

531

5

8

657

Жеке меншік үй

Жамбыл

Жамбыл

5

56

5

9

658

Мектеп ғимараты

Раздольное

Баймағамбетов

4

290

5

10

659

Мектеп ғимараты

Буревестник

Абай

23

548

5

11

661

Мектеп ғимараты

Мереке

Школьная

2

104

5

12

663

Жеке меншік үй

Қайғы

Болатбаев

1

21

5

13

664

Мектеп ғимараты

Дәмді

Байтұрсынов

6

219

5

14

666

Мектеп ғимараты

Қожа

Исмағулов

10

229

5

15

870

Білім бөлімінің ғимараты

Қарамеңді

Абай

45

442

5

Науырзым ауданы бойынша барлық учаскелер  саны - 15

4813

75

 

аудандық мәслихат

Дата публикации
11 ноября 2023