GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Мәслихат туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Қызметі
Все материалы
Тұрақты комиссиялар
29 сентября 2026
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Бүгін тұрақты комиссия төрағасы Нұржанат Сабырұлы Шәрімовтың төрағалығымен өткізілген сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында  «Мағжан Жұмабаев ауданында әлеуметтік сала объектілерін жылыту маусымына дайындау туралы» мәселе бойынша ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Жаңбырбайұлы Қыраубаевтың ақпараты тыңдалды. Депутаттарға сондай ақ экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Жаңбырбайұлы Қыраубаев 2026-2028 жылдарға арналған ауданның және ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы ақпарат берді. Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелерді сессияның бекітуіне жіберу туралы бірлескен қаулы қабылданды.

Депутаттық қызмет
29 сентября 2026
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 29 қыркүйекте  сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті қырық бесінші сессиясы өткізілді. Отырыс барысында депутаттар қараған сұрақтар:

         - Мағжан Жұмабаев ауданындағы әлеуметтік сала объектілерін жылыту маусымына дайындау туралы;

-   Мағжан Жұмабаев ауданының, ауылдық округтердің және Булаев қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттерін нақтылау туралы;

- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2017 жылғы 2 маусымдағы № 11-9 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендерінің жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

-   Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы;

-   Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы;

-   Аудандық  мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.

 Негізгі мәселелер мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын ала қаралды. Күн тәртібінде көзделген мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Депутаттық қызмет
25 сентября 2026
Мәслихаттың кезекті сессиясын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Мәслихат депутаттарының, аудан тұрғындарының назарына!

2026 жылғы 29 қыркүйекте  аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті қырық бесінші сессиясы өткізіледі. Сессияның отырысы FAСEBOOK (ФЕЙСБУК) сайтында тікелей көрсетіледі. 

Күн тәртібіндегі сұрақтар:

1. Мағжан Жұмабаев ауданының, ауылдық округтердің және Булаев қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгеріс енгізу туралы.

2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2017 жылғы 2 маусымдағы № 11-9 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендерінің жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

3. Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы.

4. Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2023 жылғы  17 қаңтардағы № 22-1 «Мағжан Жұмабаев ауданының сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Қоғамдық кеңес
18 сентября 2026
Мағжан Жұмабаев ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

2026 жылғы 18 қыркүйекте Нұржихан Кукланың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында күн тәртібіндегі келесі мәселелер қаралды:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ-де мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.

Бірінші мәселе бойынша Мағжан Жұмабаев ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Р.Қ. Сәдуақасов сөйледі.

Екінші мәселе бойынша ақпаратты Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Қ. Мәжитов ұсынды.

Отырысқа бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілі Әсел Әубәкірова қатысты.

Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері баяндамашыларға қызықтыратын сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алынды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері тиісті ұсынымдар берді.

Депутаттық қызмет
26 августа 2026
Кезектен тыс сессия өткізілді

2026 жылғы 26  тамызда  сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық төртінші сессиясы өткізілді.

Күн тәртібінде қаралған сұрақтар:

  1. Мағжан Жұмабаев ауданының, ауылдық округтердің және Булаев қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгеріс енгізу туралы.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2025 жылғы 17 маусымдағы 29-20 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. Күн тәртібінде көзделген мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.
Депутаттық қызмет
24 августа 2026
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өткізіледі

2026 жылғы 26  тамызда  сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық төртінші сессиясы өткізіледі.

Күн тәртібіндегі сұрақтар:

  1. Мағжан Жұмабаев ауданының, ауылдық округтердің және Булаев қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгеріс енгізу туралы.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2025 жылғы 17 маусымдағы 29-20 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Депутаттық қызмет
11 августа 2026
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өткізілді

2026 жылғы 11 тамызда аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өткізілді. Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 35-1 «2026-2030 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» экономика және қаржы бөлімінің экономикалық секторының меңгерушісі Наталья Кучерявая сөйледі. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 22-1 «Мағжан Жұмабаев аудандық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.

Депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Депутаттық қызмет
29 июля 2026
СООБЩЕНИЕ маслихата района Магжана Жумабаева об избрании членов окружных и участковых избирательных комиссий вместо выбывших

Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының

шығып кеткендердің орнына округтік және учаскелік         

 сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарламасы 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты шығып кеткендердің орнына округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жыл.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2026 жылғы 11 тамызға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер (хабарға 1-қосымша);

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері (хабарға 2-қосымша);

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Мәслихаттың орналасқан жері: СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56.

Материалдарды жинауға жауапты тұлға - Аюпова Гүлжан Ескенқызы, аудандық мәслихат аппаратының басшысы, байланыс телефоны: 8(71531)21996, электрондық пошта: Zhum_amr@mail.kz.

 

Аудандық мәслихат учаскелік сайлау комиссияларының

бос орындарына мүшелерді сайлайды: 

р/с 

№

Округтік сайлау

комиссиясының нөмірі

Сайлау комиссиясының

мекенжайы

Комиссия мүшелерінің

бос орнының саны

1.

 

1

 

Булаев қ., Водопроводная көшесі,20

аумақтық инспекция ғимараты

1

2.

 

4

Булаев қ., Сәбит Мұқанов көшесі,34

Батыр Баян атындағы

мектеп-гимназиясының ғимараты

1

3.

 

11

Бәйтерек а., Молодежная көшесі,16

 мектеп ғимараты

2

р/с 

№

Учаскелік сайлау

комиссиясының нөмірі

Сайлау комиссиясының

мекенжайы

Комиссия мүшелерінің

бос орнының саны

1.

 

205

 

Булаев қ.,  Буденный көшесі,10

  № 2 мектеп ғимараты

1

2.

 

216

Қарақоға а., Мағжан Жұмабаев көшесі, 1

мектеп ғимараты

1

3.

 

233

Хлебороб а., көше 3, 1үй

мектеп ғимараты

1

1-қосымша.

2-қосымша.

Депутаттық қызмет
16 июля 2026
Аудандық мәслихаттың қырық екінші сессиясы өтті

2026 жылғы 15 шілде Е.Ж. Бәкіровтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымның кезектен тыс қырық екінші сессиясы өтті.

  Күн тәртібіне сәйкес депутаттар келесі мәселелерді қарап, шешімдер қабылдады:

  1. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының депутаты Айзада Нұрланқызы Рахметованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және оны Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы қызметінен босату туралы.
  2. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы болмаған кезеңде сегізінші шақырылым мерзімі аяқталғанға дейін оның өкілеттігін уақытша жүзеге асыратын депутатты айқындау туралы.
  3. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2026 жылғы 8 мамырдағы № 39-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

      Күн тәртібінде көзделген мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Депутаттық қызмет
10 июля 2026
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының шығып кеткендердің орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты шығып кеткендердің орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жыл.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 24 шілдеге дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер (хабарға 1-қосымша);

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері (хабарға 2-қосымша);

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Мәслихаттың орналасқан жері: СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы  Рахметова Айзада Нұрланқызы.

Материалдарды жинауға жауапты тұлға - Аюпова Гүлжан Ескенқызы, аудандық мәслихат аппаратының басшысы, байланыс телефондары: 8 (71531) 21147, 8(71531)21996, электрондық пошта: Zhum_amr@mail.kz.

 

Аудандық мәслихат учаскелік сайлау комиссияларының

бос орындарына мүшелерді сайлайды:

р/с 

№

Сайлау

комиссиясының нөмірі

Сайлау комиссиясының

мекенжайы

Комиссия мүшелерінің

бос орнының саны

1

201

 

Булаев қ., Комарова көш.,16

мектеп ғимараты

1

2

222

Лебяжье а., Коммунистическая көш.,9

демалыс орталығының ғимараты

1

3

242

Майбалық а., Степная көш.,10А

мектеп ғимараты

2

4

250

Сулышоқ а., көшесі 1/23

мектеп ғимараты

1

5

254

Новотроицкое а.,

Центральная көш.,34

мектеп ғимараты

1

 

1-қосымша.

2-қосымша.

 

 

 

 

 

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы