2025 жылғы 27 қаңтарда Мағжан Жұмабаев ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауданның қоғамдық кеңесінің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі Төлеген Әбілмәжінов ашты.
Қоғамдық кеңестің құрамы аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылғы 20 қаңтардағы өкімімен бекітілген.
Күн тәртібіне сәйкес Қоғамдық кеңестің төрағасын сайлау мәселесі қаралды. Ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы және Қоғамдық кеңес төралқасының құрамы сайланды. Бірауыздан Кеңес төрағасы болып Мағжан Жұмабаев ауданы мұрағатының директоры Нұржиһан Сабырқызы Кукла сайланды. Төралқа құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы Нұржиһан Кукла, аудандық мәслихаттың төрағасы Айзада Рахметова, Қоғамдық кеңестің мүшесі Ермек Бәкіров кірді.
Сондай-ақ, ауданның Қоғамдық кеңесі туралы ереже бекітілді.