Меню

Страницы

Статья

Мәслихаттың жұмыс жоспары

2022 жылы тұрақты комиссилардың бірлескен отырыстарына енгізілетін негізгі сұрақтардың тізбесі

Бірінші тоқсан

1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары туралы.

2. Аудандағы эпидемиологиялық жағдайдың жай-күйі, COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау шеңберіндегі профилактикалық іс-шараларды жүргізу және халыққа медициналық көмек көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.

3. Қысқы уақытта жолдарды күтіп ұстау туралы.

Екінші тоқсан

1. 2021 жылы Мағжан Жұмабаев ауданының, ауылдық округтер мен Булаев қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есептерді бекіту туралы.

2. Жазғы демалысты ұйымдастыру және балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.

3. Облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және сумен жабдықтау объектілерін пайдалануға беру бойынша қабылданған шаралар туралы.

4. Аудан аумағын абаттандыру жағдайы туралы.

Үшінші тоқсан

1. Ауданда құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша ауданның полиция бөлімінің қызметі туралы.

2. Ауданда спортты және дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту, осы іс-шараларды жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.

3. Амбулаторлық және стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету шаралары.

4. Мағжан Жұмабаев ауданындағы интернет қызметінің сапасы.

Төртінші тоқсан

1. 2023-2025 жылдарға арналған Мағжан Жұмабаев ауданының бюджетін бекіту туралы.

2. 2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтер мен Булаев қаласының бюджеттерін бекіту туралы.

3. Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы ауылдық округ әкімдерінің есебі.

4. Ауданның білім беру ұйымдарында оқушылардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру туралы.

2022 жылы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты сессияларының қарауына енгізілетін сұрақтардың тізбесі

І тоқсан

  1. Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерін сумен қамтамасыз ету туралы
  2. Мағжан Жұмабаев ауданындағы денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы

Кезектен тыс сессия (қажеттілік бойынша).

ІІ тоқсан

  1. 2020 жылы Мағжан Жұмабаев ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есеп (экономика және қаржы бөлімі, Тексеру комиссиясы).
  2. 2016-2020 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру туралы (Экономика және қаржы бөлімі)

Кезектен тыс сессия (қажеттілік бойынша).

ІІІ тоқсан

  1. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы (аудан әкімі).

Кезектен тыс сессия (қажеттілік бойынша).

ІV тоқсан

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Мағжан Жұмабаев ауданының бюджетін бекіту туралы.
  2. Булаев қаласының және ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту туралы.
  3. Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету туралы (Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі).

Кезектен тыс сессия (қажеттілік бойынша). 

Дата публикации
13 декабря 2022
Дата обновления
13 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты депутаттарының 2026 жылдың төртінші тоқсанында азаматтарды қабылдау КЕСТЕСІ
Тұрғындарға арналған ақпарат
30 июля 2026
ГРАФИК приема граждан депутатами маслихата района Магжана Жумабаева на третий квартал 2026 года
27 апреля 2026
«БЖЗҚ» АҚ 2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы