Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» КММ

150800, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы Юбилейная көшесі, 56, анықтамалар үшін телефон 8(71531) 21996, факс 8(71531)21996, электрондық мекенжайы: Zhum_amr@mail.ru «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» КММ мемлекеттік қызметшілері арасында төменгі емес болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орындарына ішкі конкурс жариялайды:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» КММ, аудандық мәслихат аппаратының басшысы, 1 бірлік

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-2.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 134851 теңгеден 182456 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Мәслихат аппаратын жалпы басқару, аппарат жұмысын ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету, жұмысты жоспарлау. Аудандық мәслихат аппаратының және депутаттарының құжаттамалық қамтамасыз етілуін бақылау. Құжаттармен жұмыс істеу тәртібін анықтайды, олардың сапасына жауап береді, корреспонденцияны шұғыл есепке алу және жіберу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Мәслихат аппаратындағы құжаттармен жұмыстың жағдайын талдайды. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының, сессияларының отырыстарын дайындау және өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Мәслихат бекіткен бағдарламалардың орындалуын бақылайды. Мәслихат аппаратының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес жұмысын ұйымдастырады. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін аттестаттау және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналастыру мәселелерін бақылайды. Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарға есептерді уақытында дайындауды ұйымдастырады. Президент Жарлықтарының, Заңдардың, Үкімет қаулыларының, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың нормативтік актілерін іске асыру барысын бақылайды. Облыстық мәслихат аппаратымен, аудан әкімдігімен, құқық қорғау органдарымен, әділет органдарымен, облыстық және аудандық сайлау комиссияларымен қарым-қатынастарды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын, аппарат қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Нормативтік құқықтық актілердің әзірленуіне және әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсынылуына, бұқаралық ақпарат құралдарында уақытында жариялануына бақылау жүргізеді. Электрондық құжат айналымы жүйесінде жұмыс істеу. Аудандық мәслихат хатшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», немесе «құқық» (құқықтану), немесе «білім», немесе «гуманитарлық ғылымдар» бейіндері бойынша.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда, немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда, немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» КММ, мәслихат хатшысының ұйымдастыру жұмысы және бақылау жөніндегі көмекшісі, 1 бірлік.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-3.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 102465 теңгеден 138214 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының отырыстарын дайындау және өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру, мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылау. Мәслихат аппаратында іс-шараларды, кеңестерді және семинарларды дайындауды және өткізуді жүзеге асырады. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру, және де олардың қызметін бақылау. Аудан әкімінің аппаратымен, қоғамдық бірлестіктермен жергілікті өкілетті органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша қарым-қатынас жасау. Басшының азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады, азаматтардың өтініштерін, олардың орындалуын есепке алуды, және де «ЕУОЛ» базасы бойынша есептерді дайындауды және тапсыруды жүргізеді. Мемлекеттік тілде іс жүргізу. Мәслихат депутаттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсыну жөніндегі құжаттарды әзірлеу. Аудандық газеттерде мәслихат аппаратының және депутаттарының жұмысы туралы мақалаларды әзірлеуді және жариялауды жүзеге асырады. Аудандық мәслихаттың жұмысын мәслихат аппаратының интернет-ресурсында жариялау. Электрондық құжат айналымы жүйесінде жұмыс істеу. Аудандық мәслихат хатшысының және аудандық мәслихат аппараты басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», немесе «құқық» (құқықтану), немесе «білім», немесе «гуманитарлық ғылымдар» бейіндері бойынша.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  3. B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық почта мекенжайына не «E-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта мекенжайына не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда, азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда нұсқалған Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» КММ Zhum_amr@mail.ru және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150800, Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56, «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» КММ немесе zhum_amr@mail.ru электрондық пошта арқылы, немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамалар үшін телефон 8(71531)21996, факс 8(71531)21996.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қосымша

Дата публикации
23 октября 2018
Дата обновления
23 октября 2018
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты депутаттарының 2026 жылдың төртінші тоқсанында азаматтарды қабылдау КЕСТЕСІ
Тұрғындарға арналған ақпарат
30 июля 2026
ГРАФИК приема граждан депутатами маслихата района Магжана Жумабаева на третий квартал 2026 года
27 апреля 2026
«БЖЗҚ» АҚ 2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы