«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» КММ, 150800, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56, анықтама телефоны 8(71531) 2-19-96, электрондық пошта: Zhum_amr@mail.ru, рұқсат етілген файлдар өлшемі 20 Мб-дан аспауы тиіс, төменгі болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-4.«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» КММ бас маман-заңгері, 1 бірлік.
Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 195549 теңгеден 224624 теңгеге дейiн.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Аудандық мәслихат аппаратының қызметін құқықтық қамтамасыз етеді. Нормативтік құқықтық актілерді, сессия шешімдерін әзірлеу мен қабылдауды қамтамасыз ету және оларды мемлекеттік органның интранет-порталын (МОИП) пайдалана отырып, әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберу. Мәслихаттың қабылданған шешімдеріне құқықтық нормалар бойынша мониторинг жүргізу. Әділет органдарына қабылданған нормативтік құқықтық актілердің тізбесін тоқсан сайын, мәслихат қабылдаған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге жартыжылдық бойынша құқықтық мониторинг ұсынады. Аудандық мәслихат қабылдаған шешімдердің, тұрақты комиссиялар қаулыларының, мәслихат хатшысы өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуын қамтамасыз ету, шешімдердің жобаларын әзірлеушілерге құқықтық көмек көрсету. Мәслихат сессияларына шешімдердің жобаларын әзірлейді. Нормативтік актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға ұсыну (егер шешім әзірлеушісі аудандық мәслихат болса). Аудандық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерінің электрондық тізілімін жүргізеді. Мемлекеттік сатып алулар бойынша шарттар ресімдеуді ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету. Аудандық мәслихат сессияларының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын аудандық мәслихат сессияларының шешімдерін және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де материалдарды әзірлейді және бұқаралық ақпараттық құралдар мен мәслихат аппаратының интернет-ресурсында жариялауға ұсынады. Аудандық мәслихат депутаттарының қызметіне заңгерлік көмек көрсетеді. Аудандық мәслихат аппаратының және депутаттарының құқықтық оқуын ұйымдастырады. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысына жетекшілік етеді және жүргізеді. Электрондық құжат айналымы жүйесінде жұмыс істеу. Мәслихат хатшысының және мәслихат аппараты басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «құқық» (құқықтану) бейіні бойынша.
Мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «құқық» (құқықтану) бейіні бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен оларға қосымшалардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде жарияланған лауазымның санаты үшін тестілеу бағдарламасы бойынша заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Конкурсқа қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.
Өкілетті органның интернет-ресурсында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеленіп, 7 жұмыс күннің ішінде келесі мекенжайға: 150800, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56, «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» КММ немесе Zhum_amr@mail.ru электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылуы тиіс. Анықтамалар үшін телефон 8(71531)21996.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына немесе электронды түрде «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56 мекенжайында өтеді.
Конкурсқа қатысатын және бос лауазымға сұхбаттасуға жіберілген кандидат әңгімелесуден өтеді, оның барысында оған мәлімделген бос лауазымға қатысты сұрақтар қойылады. Конкурстық комиссияға конкурстық сұрақтардан басқа үміткерлерді іріктеудің басқа тәсілдерін (ситуациялық және мотивациялық сұрақтар) пайдалануға рұқсат етіледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.